Негізгі бет  /  мақалалар  /  Шардараның таэквондошылары топ жарды

Шардараның таэквондошылары топ жарды

Айқын-ақпарат
797
Шардараның таэквондошылары топ жарды Семей қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатына Оңтүстік Қазақстан облысының атынан бір топ шардаралық таэквондошы жастар қатысып, жеңімпаз атанып келді.

Ел біріншілігінде шеберлігімен көзге түскен Нұрдәулет Әли жеңіс тұғырына көтеріліп, І орынды жеңіп алды. Александра Лозовая ІІ орынды иеленді. Сонымен бірге шардаралық таэквондошылар чемпионаттан кейін жалғасын тапқан «Семей кубогы» Халықаралық турнирінде бақ сынап, жеңіс жолдарын одан әрі жалғастырды. 45 келі салмақта татамиге шыққан Нұрдәулет Әли Халықаралық турнирде екінші рет жеңіске жетсе, 52 келіде сынға түскен Александра Лозовая ІІ орынды иеленді. Александраның жолын қуған 39 келідегі Айдын Дүкен, 36 келі салмақтағы Никита Шалуновтар ақтық сынға шығып, ІІ орынды еншіледі. 10-13 жасар жасөспірімдердің жекпе-жек қорытындысы бойынша жерлестеріміз командалық есепте екінші орынға көтерілді. Осынау Халықаралық турнирде 7 бірдей спортшымыз ІІІ орынды иеленіп, қоржынға жүлде салды. Атап айтар болсақ, 30 келі салмақта Руслан Әбдікерім, 40 келі салмақта Мұхамед Әбдіқадыр, 47 келі салмақта Ғалымжан өсер, 45 келі салмақта Елдос Әбдікәрімов, 36 келі салмақта Никита Митрофанов, 33 келі салмақта Ерасыл Сәрсенбаев, 57 келі салмақта Нұрсұлтан Жамбаев есімді жас спортшылар қола жүлдеге қол жеткізіп, болашақтарынан зор үміт күттіріп отыр.

inform.kz