Негізгі бет  /  мақалалар  /  Адам өлтірген қызылордалық 11 жылға сотталды

Адам өлтірген қызылордалық 11 жылға сотталды

Айқын-ақпарат
800
Адам өлтірген қызылордалық 11 жылға сотталды  Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық 99-бабының 1-бөлігімен (адам өлтіру) айыпталған сотталушы Р-ға қатысты қылмыстық іс қаралып, айыптау үкімі жарияланды.

Сотталушы Р. 2011 жылы 5 жылға ауыр қылмыс жасаған үшін сотты бола тұра, аса ауыр қылмыс жасаған. Яғни, сотталушы Р. таныстарымен кездесіп, спирттік ішімдік ішкен. Сол сәтте қастарынан өтіп бара жатқан жәбірленуші олардан темекі сұрап, сөзге келіп, төбелесіп қалған. Сотталушы Р. өзімен бірге алып жүрген асхана пышағымен жәбірленуші А-ның өміріне қауіпті мүшесі ішінен, оң жақ кеудесінен, бірнеше рет соққы беріп, оған ауыр дене жарақатын салып, қасақана өлтірген. Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен сотталушы Р. ҚР ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 11 жылға бас бостандығынан айырылды, жазасын ерекше режимдегі түзеу колониясында өтеуге деп белгіленді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

inform.kz