Негізгі бет  /  мақалалар  /  Тірі бұғыны алып өтпек болған

Тірі бұғыны алып өтпек болған

Айқын-ақпарат
795
 Тірі бұғыны алып өтпек болған

8 қараша күні Орынбор облысы бойынша Россельхознадзор басқармасы орыс-қазақ шекарасында «Сагарчин-автодорожный» бақылау-өткізу бекетінде «Газель» автокөлігімен Самарадан Ақтөбеге тірі бұғыны алып өтпек болған қазақстандықты тоқтатты, «Терра» телерадиокомпаниясы. Жануарға Кедендік одақтың ветеринариялық сертификаты болған жоқ. Ер адамның айтуынша, ол бұғыны самаралық байланыс зообағынан сатып алған. Көрсетілген ветеринариялық құжат пен анықтамаға сәйкес, бұғы Самараға Ханты Мансийск автономды өлкесінен әкелінген. Ямал-Ненецк автономдық өлкесі түйнеме ауруына байланысты төтенше жағдай туындағандықтан, РФ барша аумағынан Қазақстан Республикасына тірі бұғылар алып өтуге уақытша шектеулер қойылған. Тасымалдаушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ал бұғы Самара облыстық ветеринария департаментіне тапсырылды.

 inform.kz