Негізгі бет  /  мақалалар  /  Сапалы білім беру – басты мақсат

Сапалы білім беру – басты мақсат

Айқын-ақпарат
1073
Сапалы білім беру – басты мақсат

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруы жалпыға ортақ еңбек қоғамына жиырма қадам» атты бағдарламалық мақаласында «интеллектуалды капитал, еңбек адамы, инновациялық ойлау жаңа Қазақстанның басты құндылығы болып саналады» делінген. Осы бағытта әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ұжымы адам капиталын қалыптастыруда ерекше істерді орындауды басты мақсат етіп отыр. 
Қазіргі таңда ҚазҰУ Al-Farabi university Smart city, Model UN, New Silk Way, «Жасыл көпір», «Азия-Европалық конгресс Бизнес-Инновация» және басқа да көптеген жоба­ларды іске асырып жатыр. Университет про­фессорлары мен мұғалімдердің білікті­лігін жоғарылату шетелдің алдыңғы қатарлы оқу орындарында және KLUCEE базасында жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар студент­терге ағылшын тілінде дәріс беруді көбейтті. 
Университет Рио Олимпиядасында суға жүзуден алтын алқа таққан чемпион Дмитрий Баландин атындағы жүзу бассейнін іске қосып, оқу орны алдында Мәңгілік ел қақпасы ашылды. Университеттің 17 студен­ті Рио Олимпиадасына қатысты. Солардың ішінен Елдос Сметов және Эльмира Сыз­ды­қова күміс және қола медальды жеңіп алды.
Президент Н.Назарбаев 2020 жылға де­йін кемінде екі университетті дүниежүзілік рейтингі ең таңдаулы жоғары оқу орын­дарының қатарына жету мақсатын қойды. Оның дәлелі 2016 жылы бірінші рет Орталық Азия және Қазақстандағы жоғары оқу орындары ішінен 250 дүниежүзінің таңдау­лы жоғары оқу орындарының тобынан 236-орынға ие болдық. ТМД елдерінің ішінен осы топқа екі оқу орны М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті мен біздің әл-Фараби атындағы ҚазҰУ енді. Кэмбридж, Оксфорд, Гарвард, Станфорт сияқты білім беру жүйесімен сәйкес келетін 230 оқу бағдарламасын біздің университет оқу үрдісіне енгізді. 
Осындай өте ауқымды бағдарламаларды іс жүзінде орындау барысында ректорымыз Ғ.Мұтанов аса шеберлікпен аянбай еңбек етуде. Жақында ғана ҚазҰУ ректоры білім, ғылым және мәдениеті Ислам ұйымдастығы халықаралық сыйлығының иегері атағын алды. Жастарға сапалы білім беру үшін бәсекеге қабілетті жоғары білімді мамандар дайындау – біздің басты борышымыз.
Н.ТОРМАНОВ, 
ҚазҰУ-дың биофизика және биомедицина 
кафедрасының профессоры