Негізгі бет  /  мақалалар  /  Қоғамдық зерттеу ненi көрсеттi?

Қоғамдық зерттеу ненi көрсеттi?

Кәмшат ТАСБОЛАТ
991
Қоғамдық зерттеу ненi көрсеттi? Қазақстан халқы – жас ұлт. Себебі, республиканың әрбір екінші тұрғыны 30 жасқа толмаған жастар екенін зерттеулер көрсетіп отыр.

 Демограф ғалымдар да, оның ішінде, әсіресе, қазақ ұлтының арасында жастардың көптігін, ал орыс диаспорасының арасында қарттардың көптігін ашып айтады. Жалпы, жасару – әлемдік тенденция. Бүгінде дүниежүзінде тұратын 7 млрд халықтың басым бөлігі – жастар. Ал 30-ға толмаған жастардың 90 пайызға жуығы дамушы елдерде, атап айтсақ, Африка мен Орта Азияда тұратыны белгілі.

БҰҰ-ның мәліметіне сенсек, бүгінде әлем елдерінің 50 пайызы нақты жастар саясатын жүргізсе, 56 пайызы осы күнге дейін жүзеге асып келген саясатын жа­ңар­ту бағытында жұмыс істеп жатыр ек­ен. Қазірше әлем елдерінің біраз бөлі­гін­де нақты жастар саясаты жоқ. Қазақстан тұңғыш рет дербес ел ретінде 1994 жылы Бала құқықтары туралы конвенцияны ратификацияласа, 1999 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік Жастар саясатының тұжырымдамасы мақұл­дан­ды. Елімізде әр жылдары жастар сая­са­ты­на арналған нақты бағдарламалар қа­был­данды. Жас ұрпаққа арналған арнайы мемлекеттік бағдарламалардан бөлек, жастардың денсаулығын сақтап, білімін жетілдіруге, әл-ауқатын көтеруге бағыт­тал­ған бағдарламалар да жетерлік. Атап айтсақ, «100 мектеп, 100 аурухана», «Ба­лапан», «Жұмыспен қамту – 2020», «Биз­нестің жол картасы – 2020», «Қол­же­тімді тұрғын үй – 2020», «Серпін» бағдарламасы мен 100 нақты қадаммен айшықталған Ұлт жоспары да жастардың әлеуметтік түйткілдерін шешуден бөлек, патриоттық рухын көтеруді көздейді. 
Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасында қол­жетімді және сапалы білім беруді қам­­та­ма­сыз ету, салауатты өмір салтын қалып­тас­тыру, жастардың құқықтық мә­­­­­де­ниетін арттыру, жастарды жұмыс­пен қа­мту үшін жағдай жасау, жастарға ар­нал­ған қолже­тім­ді тұрғын үй жүйесін да­мыту, жастар­дың азаматтық және па­триот­тық тұрғыдан өзін-өзі же­тіл­­діруін ынта­лан­дыру, т.б. мә­селелер қам­тылған. Са­­рап­­­шылар әр са­лада жастар ара­­сында өзіндік мәсе­лелер барын жа­сырмайды. Мә­се­лен, жас­тар­­дың радикал­дануынан бас­тап, мар­гиналдану мәсе­ленің өзек­ті­лі­гін білікті сая­саттану­шы­лар жоққа шы­ғар­маса, әлеу­мет­тану­шы­лар ажы­­расу, аборт жасау сияқты түйт­кіл­дер­дің барын алға тар­тады. Ең қызығы, Фридрих Эбе­рт атын­дағы қор­дың Қазақ­стандағы өкіл­дігі жасаған зерт­теу­лерге сенсек, жастардың 33 пайы­зы жасанды түсікті жасауға заңмен толықтай тыйым салынуы қа­жет десе, 31,8 пайызы тек ме­ди­­циналық көр­сет­кіш­тер бойынша ғана тыйым салу ке­рек деп жауап бер­ген. Ал 23,5 пайызы жасанды түсіктің лега­ли­за­циялануын қолдаса, 11,7 пайызы жауап беруге қи­нал­ған. Зерт­­теулерге сенсек, жастардың ба­сым бө­лігі көп әйел алуды заң­дастыруға қар­­сы­лық танытса, ай­тар­­лықтай бөлігі қыз алып қашу факті­леріне теріс қарай­тын­да­рын аңғартқан. Сон­дай-ақ жас­тар­дың 35,6 па­йызы жұ­мысты оңай табуға мүм­­кін­діктер барын айтса, 30,8 пайызы жұ­мыс­ты әрең таба­тынын жа­сырмаған. Ал 15,1 пайызы жұ­мыс табу үшін әлі де білі­мін жетілдіру қа­жеттігін жеткізген. Бір ай­та кетерлігі, шетелдік ұйымның зерттеу нә­тижелері отан­дық қоғамдық бірлес­тік­тер­дің зерттеу қорытын­ды­ларымен дәлме-дәл келіп отыр.