Негізгі бет  /  мақалалар  /  Ақтаудағы алып нәресте

Ақтаудағы алып нәресте

Жолдасбек Дуанабай
813
Ақтаудағы алып нәресте Әлем жұртын аң-таң еткен оқиғалар Қазақстанды да айналып өтпей жатыр. Қызықты деректі кез келген облыстан табатын болдық.

Күні кеше Маңғыстау облысында Мөлдір есімді нәресте дүниеге келді. Ақтаудағы облыстық перинатальды орталықта дүниеге келген қызылшақа алып денесімен көзге түсті. Қыздың салмағы - 6 100 кило, бойы - 61 см. Алайда бұл туралы деректі нәрестенің ата-анасы құпия сақтап отырған көрінеді. Бұл туралы Zakon.kz хабарлады.
Қыз анасының айтуынша нәрестенің денсаулығы жақсы. Есімін Мөлдір деп атауды ұйғарған ата-ана қыздарының келешегіне үлкен үмітпен қарайды. Отбасындағы алтыншы баланың алып болуы жұртты қатты қызықтыруда. Енді шаңырақты шуаққа бөлеген балалардың саны - үш қыз, үш ұл.