Негізгі бет  /  мақалалар  /  Головкиннің жекпе - жегі Қазақстанда өтеді

Головкиннің жекпе - жегі Қазақстанда өтеді

Айқын-ақпарат
1045
Головкиннің жекпе - жегі Қазақстанда өтеді Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес боксшының алдағы жылға жоспары мен қарсыластары туралы толығырақ айтып берді, деп хабарлайды Sports.kz.

- Геннадий келесі жылдың бірінші тоқсанында рингке оралады деген үміттемін. Қазақстанда маусым айында ЭКСПО кезінде бір жекпе-жек болады деген ойдамын, ал одан кейін ол қыркүйекте қолғап түйістіреді. Сәтін салса, Головкин төрт кездесу өткізіп, биыл өтпей қалған жекпе-жектің орнын толтырады деген үмітіміз бар. Жанкүйерлерінің қалағаны да осы болар деп ойлаймын. Біз де оны шаршы алаңнан жиі көргіміз келеді. Не дегенмен жасарып бара жатқан жоқ. Оның жекпе-жектерінен барынша көбірек ләззат алғымыз келеді. Әзірге кіммен бетпе-бет келерін нақты білмейміз, бұл турасында ештеңе айта алмаймын. Қарсыластары туралы алдағы жылдың басында белгілі болады, Джейкобс па, әлде басқасы ма? Дегенмен, Джейкобс болады деген үміттемін, бұдан кейін жұмысымызды әрі қарай жалғастырамыз. Билли Джо Сондерс келіссөз жүргізіп жатыр. Онда Канелоға қарсы міндетті жекпе-жек болуы мүмкін. Егер кездесу өтіп, Канело оны тізе бүктірсе, онда бұл Альварес пен Головкин жекпе-жегінің көрігін қыздыра түседі, - дейді Санчес.
Baq.kz