Негізгі бет  /  мақалалар  /  Хиллари Клинтон: Америка бөлшектеніп кетті

Хиллари Клинтон: Америка бөлшектеніп кетті

Берік БЕЙСЕНҰЛЫ
1335
Хиллари Клинтон: Америка бөлшектеніп кетті Демократтар париясының өкілі ретінде сайлау додасына түскен Хиллари Клинтон көңіл күйі аса жоғары емес.

Ол президенттік сайлаудың қорытындысынын көңілі қалғанын жасырмады.  

  • -Иә мен сіздердің көңілсіз күйлеріңізді жете сезініп тұрмын.  Өйткенің мен де сондай жағдайда тұрмын. Үлкен  үмітпен күткен миллиондаған америкалықтардың да қазіргі көңіл күйі осындай. Бұл өте ауыр көрсеткіш болды және біраз уақыт дейін солай бола береді де. Бірақ, қайғырудың қажеті шамалы, біз  Американың ары қарай дамуына сенеміз, - деді Хиллари Клинтон жақтастарының алдында сөйлеген сөзінде.

Шындығында Хиллари Клинтонның сайлаудан кейінгі өз қолдаушыларының алдында сөйлеген сөзі жұртшылықты ойландырып отыр.  Президенттікке кандидат қазір Американың бөлшектеніп бара жатқанын жасырмады. 

  • -Бірақ алаңдататыны,  еліміздің біз ойлағаннан да бөлшектеніп кеткенін көріп отырмыз, соған қарамастан мен Америкаға сенемін, - деді сайлауда жеңіліске ұшыраған Хиллари ханым.