Негізгі бет  /  мақалалар  /  Анасын балағаттаған қызылордалық қамауға алынды

Анасын балағаттаған қызылордалық қамауға алынды

Айқын-ақпарат
877
Анасын балағаттаған қызылордалық қамауға алынды Қызылорда облысы Қазалы аудандық сотында азамат Д-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметінен хабарлағандай, іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы Д. бұрын отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы іс-әрекеттер үшін әкімшілік жазаға тартылған адам бола тұра, алкогольдік масаң күйінде, өз үйінде, анасының мазасын алып, балағат сөздер айтып, сыйламаушылық көрсеткен, яғни отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы іс-әрекеттер жасаған. Сот қаулысымен құқық бұзушы Д. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды. Сот қаулысы заңды күшіне енбеген.