Негізгі бет  /  мақалалар  /  Трамптың жеңісі: америкалықтардың көз жасы мен қуанышы

Трамптың жеңісі: америкалықтардың көз жасы мен қуанышы

Айқын-ақпарат
844
Трамптың жеңісі: америкалықтардың көз жасы мен қуанышы  Республикалық Дональд Трамп АҚШ президенттігіне сайлауда жеңіске жетті. Оның басты бәсекелесі, демократ Хиллари Клинтон өзінің жеңілгенін мойындап, миллиардерді құттықтады.

Алдын ала деректерге сәйкес Трамп 280-нен астам дауыс жинады. Бұл ретте жеңіске жету үшін дауыс берушілердің 270 қолдауына ие болуы қажет. Жеңісіне орай сөйлеген сөзінде сайланған АҚШ президенті Америка елді бөлетін жараны жазатын уақыт келгенін мәлімдеді.

«Барлық азаматтарға барша америкалықтар үшін президент болуға уәде беремін», - деген Трамптың сөзін келтірді РИА Новости. Республикалық «америкалықтарға жарқын келешек тілейтінін» қосты. «Жол, көпір тоннель, әуежай, аурухана салып, инфрақұрылымды қалпына келтіреміз... Біз бұл жұмысқа миллиондаған адамдарды тартамыз», - деді ол Нью-Йоркте өзінің жақтастарының алдында сөйлеген кезінде. Трамп «америкалық арманды» жаңартуға жұмыс істейтінін айтты. Миллиардер АҚШ мүддесін бәрінен жоғары қоюға уәде берді.

Бұдан басқа, Трапм Хиллари Клинтонның да рөлін атап өтті. «Америкалықтар елдегі қызметі үшін оның алдында қарыздар»- деді ол. Жеңісімен аяқталған президенттік науқан, Трамптың айтуынша, тек қана науқан емес, халықтың қуатты қозғалысы болды. Республикалық жұмысына дереу кірісуге әзір екенін айтты. Демократиялық Хиллари Клинтон сайлауда жеңілгенін мойындады. Ол қарсыласына хабарласып, оны жеңісімен құттықтады. Нью-Йорктегі Джейкоб Джевитс Конференц-орталығындағы Клинтон штабына мыңдаған адам жиналды. 

inform.kz