Негізгі бет  /  мақалалар  /  Өскеменнің «Алтайы» ҚР суперкубогін жеңіп алды

Өскеменнің «Алтайы» ҚР суперкубогін жеңіп алды

Айқын-ақпарат
873
Өскеменнің «Алтайы» ҚР суперкубогін жеңіп алды Волейболдан Қазақстан чемпионы және ел Кубогінің иегері атанған Өскеменнің «Алтай» командасы суперкубок үшін болған жарыста «Казхром» ТНК» командасын жеңді. Хромтаулық волейболшылар айтарлықтай қарсылық көрсетті.

Дегенмен, «Алтай» өрендері алған беттерінен қайтпады. ҚР Волейбол федерациясының баспасөз қызметінің мәліметтерінше, «Алтай» бұл сыйлықты бірінші рет алып отыр. 11 қараша күні Павлодарда волейболдан Ұлттық лиганың ерлер командаларының арасында Қазақстан чемпионатының 1-ші кезеңі басталады.  Волейболдан Қазақстанның суперкубогі үшін матч. Ерлер: СК «Баянтау», Павлодар. «Алтай» (Өскемен) - «ТНК «Казхром» (Хромтау) - 3:0 (25:22, 25:21, 25:21)

Қазақпарат