Негізгі бет  /  мақалалар  /  Екі басты акула табылды

Екі басты акула табылды

Айқын-ақпарат
1170
Екі басты акула табылды Бірқатар деректер екі басты акулалардың 2008 жылдан бері көбейіп келе жатқанын көрсетіп отыр. Ең алғаш рет балықшылар Үнді мұхитында екі басты акула эмбрионын тауып алған.

2011 жылы ғалымдар Калифорния шығанағы мен Мексиканың солтүстік-батысында ауланған көк акулалардың арасынан сиам егіздерін тапқан.
 
Ал 2013 жылы Флорида жағалауында балықшылар аулаған акуланың ішінен екі басты эмбрион шыққан.
 
Ғалымдар жануарлардағы бұл өзгерістерді ешқандай себеппен түсіндіре алар емес. Бар болғаны вирустық инфекциялардың таралуымен, зат алмасудың бұзылуымен және қоршаған ортаның ластануымен ғана байланыстыруда. 

 

reactor.inform.kz