Негізгі бет  /  мақалалар  /  Samsung басшылығы тізерлеп тұрып кешірім сұрады

Samsung басшылығы тізерлеп тұрып кешірім сұрады

Айқын-ақпарат
936
Samsung басшылығы тізерлеп тұрып кешірім сұрады Қытайдың Шицзячжуан қаласында Samsung компаниясының басшылығы Galaxy Note 7 смартфондарының сапасыздығы үшін дилерлер мен бұқаралық ақпарат құралдарының алдында тізерлеп тұрып кешірім сұрады.

Алайда компания қызметкерлерінің кешірім сұрамақ болған бұл қылығы көпшілікке керісінше әсер еткен. Себебі Қытайда айрықша жағдайларда ғана тізерлейді.

Өз кезегінде Samsung компаниясының өкілдері ұлты кәріс басшылардың кешірім сұрағанын, ал кәрістер салтында тізерлеп кешірім сұраудың шынайылықты білдіретінін жеткізген.

 

reactor.inform.kz