Негізгі бет  /  мақалалар  /  АҚШ президентінің сайлауы: алғашқы нәтижелер

АҚШ президентінің сайлауы: алғашқы нәтижелер

Айқын-ақпарат
858
АҚШ президентінің сайлауы: алғашқы нәтижелер  Нью-Йорктағы Джейкоб Джавиц көрме орталығы алдындағы таблода сайлаушылар дауыстарының алғашқы есептері көрсетілуде.

Сағат 21:50 (Нью-Йорк уақыты): 10 минуттан соң тағы үш негізгі штаттағы дауыстарды есептеу аяқталды. Дональд Трамп Луизианнада, ал Хиллари Клинтон Коннектитутта жеңіске жетті. Ағымдағы есеп 139 - 104 Трамп пайдасына шешіліп тұр.

Сағат 21:30-да (Нью-Йорк уақыты) Дональд Трамп сайлаушылардың 137 дауысын жинады, бұл Хиллари Клинтон 97 дауыс иеленді. Бірақ демократтар көшбасшысы Хиллари Нью-Йорк штатында, ал Дональд Трамп Техас және Арканзас штаттарында жеңіске қол жеткізді. Хиллари Клинтон сағат 21:00-де (Нью-Йорк уақыты) Дональд Трампты жеңді, Ол сайлаушылардың 66-68 дауысын жинады. Жалпы жеңіс үшін оған әлі АҚШ сайлаушыларының 270 дауысын жинау қажет.

Сонымен қатар біздің Нью-Йорктағы тілшіміз мәлім еткендей, полиция америкалық миллиардерге тиесілі «Трамп Тауэр» ғимаратын қоршауға алды. Бұл ғимарат алдында наразылық бола қалған жағдайда қолданылатын құм тиелген жүк машиналары тұр.

Кандидатты жалпы ұлттық сайлау барысында сайлаушылар алқасы, желтоқсанның екінші сәрсенбісінен кейінгі бірінші дүйсенбіде жиналады - бұл сайлаудың екінші кезеңі болады. Сайлаушылардың жалпы жиналысы болмайды, олар өз қалаларында дауыс береді.

Дауыс беру нәтижелері туралы сертификаттар содан кейін Конгресске жіберіледі. Қаңтарда екі палата да жиналады, олар сайлаушылар дауыстарын санайды және АҚШ президентіне сайлаудың ресми қорытындысын жариялайды. Сайлаушы азаматтар арасында белгілі бір беделге ие АҚШ азаматы бола алады. Бұл штат тұрғындары өз мүдделерін білдіре алады деп сенім артқан адам болуы тиіс. Оны әрбір жекелеген штаттың партиялық басшысы тағайындайды. Сайлаушылар әдетте конгрессмендер, бұрынғы әскерилер немесе қандай да бір танымал тұлғалар болады. Сайлаушы мүлікті таратумен байланысты лауазымда бола алмайды. Бұл шектеу алқа мүшелері анағұрлым тәуелсіз және жан жақты болуы үшін енгізілген. Президент 538 сайлаушылардың кемінде 270-і қолдаған кандидат болады.

http://www.inform.kz/kz/aksh-prezidentinin-saylauy-algashky-natizheler_a2967653