Негізгі бет  /  мақалалар  /  Білім көкжиегі – жастар

Білім көкжиегі – жастар

Айқын-ақпарат
881
Білім көкжиегі –  жастар Алматыдағы Rixos қонақүйінде «Алматы – білім көкжиегі» атты білім көрмесі өтті.

 Оған 10 мемлекеттен 50 шақты жоғары оқу орындары қатысты. Көрмеге шетелден білім алғысы келетін Қазақстанның мектеп оқушылары мен студенттері қатысып, өздеріне қажетті ақпаратын алды. Көрме Қазақстанның бас қалалары Астана мен Алматыда өтті. Көрме ұйымдастырушылары – Education vision және Oxford vision.

Бұнда Америка, Қытай, Ресей, Ма­лай­зия, Сингапур, Польша, Германия секілді 10-ға жуық мемлекеттің ең үздік жоғары оқу орындары қатысуда. Бұл шара осымен төр­тінші рет өткізіліп жатыр. Nova education бас менеджері Асылхан Сүлейменовтiң айтуынша, еліміздің жастары шетелге оқу­ға түсіп, білім алуы жылдан-жылға кө­бею­де. Мысалы, былтырғы жылы осы көрмеге: Ал­матыда 3 мың, Астанада 2 мың адам қа­тысқан. «Биыл да одан да асып түсеміз де­ген үміттеміз» дейді ұйымдастырушылар.
– Мәселен, АҚШ пен Ұлыбританияның уни­верситеттерін көрсетіп, таңдауына кө­мектесетін арнайы агенттіктер бар. Олар оқу­шыларға сол жаққа барудың жолын көр­сетіп, таңдаған мамандығы бойынша ба­ғыт-бағдар беріп, оқу орындардың жеңіл­діктерін айтады. Қазір сол агенттікте Англия мен Американың үздік 20 шақты уни­верситеті бар. Біздің басты мақсат – Қа­зақстандағы өсіп келе жатқан жас буын­ды тәрбиелеу. Сонымен қатар жастардан бі­лікті, кәсіби маман шығару. Ол ма­гистра­тура, докторантура, бакалавр болсын, бастысы – шетелден білім алып, тәжірибе жи­нақтау. Сол алған тәжірибесімен елі­міз­дің дамуына атсалысса дейміз. Соған орай Алматыдағы барлық оқушылар мен сту­дент­тер шақырылды, – дейді Nova education бас менеджері Асылхан Сүлейменов.
Ол жерде әр университеттің талаптары да әртүрлі. Мысалға Германияда неміс тілін білсе, оқу тегін екен. Тіпті сол жақтың ака­демиясы осында неміс тілін арнайы оқы­татын курс ашылған. Негізі – ол жақта бір жыл неміс тілін оқыған соң емтихан тап­сырып, одан белгілі балл алғаннан кейін университетке тегін түсе алады. Сонымен бірге, шетелдің оқу орындары оқушының мек­тептегі бағасына, спорттағы немесе қо­ғамдық жобалардағы жетістіктеріне көп мән береді. Кейбірі соған қарап та оқушыға қандайда бір жеңілдіктер берілуі мүмкін. Оның бірі – грант болса, ендігісі – оқу ақы­сына жеңілдік жасалады. 

 

Джэнис ЧАН,Гонконг Политехникалық университетінің қызметкері:
– Бұл көрмеге біз екінші рет қатысып отыр­мыз. Былтыр Қазақстаннан 16 адам оқу­ға түскен. Ал биыл бірінші курста 32 сту­дентіміз бар. Біздің университетте барлығы 50 шақты қазақ жастары оқиды.  Әрi оқып жатқан қазақ студенттерінің көпшілігі – грантта. Оқу ағылшын тілінде оқытылады. Егер де оқушы бірінші жылы грантқа түсе ал­май қалса, келесі жылында басқа бағ­дарламаға қатысып, грантқа ілінуге мүм­кін­дігі бар. 
Бізге оқуға түсу үшін ағылшын тілінен ем­тихан тапсырылады. Жалпы, уни­вер­си­тет­те 32 мың студент бар. Университет үлкен бол­мағанымен, негізгі 8 факультетті қам­ты­ған. Оның ішінде бизнес және құрылыс ин­женериясы мықты дамыған деп айтуға бо­лады.