Негізгі бет  /  мақалалар  /  Заң үстемдігі – әділеттілік кепілі

Заң үстемдігі – әділеттілік кепілі

Айқын-ақпарат
969
Заң үстемдігі – әділеттілік кепілі «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарының 11-қадамы еліміздегі заң үстемдігін қамтамасыз етуге, соның ішінде сот-құқық жүйесін реформалауға ба­ғытталды.

Осы институттық ре­фор­маға сәйкес Жоғарғы сот ке­шенді ша­раларды қолға алды. 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын орын­даудың практи­калық кезеңі басталды. Мемлеке­тімізде экономика мен қо­­­ғамды дамыту үшін түбегейлі жаңа құ­­қықтық орта құруға мүмкіндік бе­­ре­­тін 59 заң қабылданып, күшіне енді.

Бес сатылы сот төрелігі жүйесінен үш деңгейлі жүйеге көшу сот реформасының ма­ңызды аспектісі. Қазіргі таңда істер бірінші, апелляциялық және кассациялық сатылар­да қаралады. Осы ретте істердің басым бөлі­гін қарайтын бірінші және апел­ляциялық саты­дағы соттардың рөлі айтарлықтай күшейге­нін атап өткен жөн. 
Жүргізілген реформалар отандық сот жүйесін неғұрлым жаңғырта түсті. Сот саты­ларын оңтайландыру сот төрелігінің қолже­тімділігіне жол ашып, түбегейлі шешім қабылдау мерзімін айтарлықтай қысқартуға ықпал етті. 
Жоғарғы сотқа жүгінуді заңнамалық не­гіз­де шектеудің нәтижесінде көптеген істер облыстық соттардың аппеляциялық сатыла­рында қараумен аяқталуда. Бұрындары кей­бір санаттағы істерді қарау мерзімі бір жарым жылға созылған болса, қазір ол үш сатылы сот жүйесінің негізінде әрі кеткенде 6-7 ай аралы­ғында шешімін табуда. Сот жүйесіндегі осындай оң өзгерістер мен қайта құрулардың нәтижесін өзгеріске ұшыраған сот актілері үлесінің азайғандығынан да байқауға болады. 
Мемлекет басшысы Н.Назарбаев судья­лардың VІ съезінде: «Отандық сот жүйесі қо­ғамдағы тұрақтылықтың, құқық үстем­дігінің, қоғам мен мемлекет мүдделерін мүлтіксіз сақтаудың, қазақстандықтардың құқығы мен бостандықтарын қорғаудың сенімді кепіліне айналуға тиіс» деген болатын. 
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» конс­титуциялық заңға сәйкес Жалпы отырыс Жоғарғы соттың алқалық органы. Норма шы­ғармашылық қызмет – Жоғарғы сот қыз­метінің маңызды бағыттарының бірі. Осы ретте Жоғарғы сот Төрағасы Қайрат Мәми: «Жалпы отырыс сот төрелiгiн iске асыруы кезiнде республика сотының заңдылықты сақтау мәселелерiн қарайды, сот практикасын зерделеу мен жинақтаудың қорытындылары бойынша нормативтiк қаулылар қабылдайды, сот практикасы мәселелерi бойынша түсiн­дiрмелер береді және заңнаманы жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi. Дәл осы функ­циялар біздің жұмысымызда басымдыққа ие болуы тиіс» деген болатын. 
Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты­ның нормативтік қаулылары консти­туцияға сәйкес құқық көздеріне жатады. Жоғарғы сот­тың нормативтік қаулыларының ерекше­лігі, басқа нормативтік құқықтық актілерге көзделген шарт – Қазақстан Респу­ликасының әділет органдарында мемлекеттік тіркеу мен сараптама жүргізуді қажет етпейді. 
Қабылданатын нормативтік қаулылардың тиімділігі мен маңыздылығын ескере отырып, Жоғарғы соттың нормативтік қаулыларының ережелері қатаң түрде заңға тәуелді актілер болып табылатынын және олармен қолданыстағы заңнамада жоқ нормаларды толтыруға, қарама-қайшылықтарды жоюға жол берілмейтінін атап өткен жөн.
 Нормативтік қаулының заңдылық күші нормалары түсіндірілетін нормативтік құ­қықтық қаулының заң күшімен айқын­далады. Олар нормативтік қаулының жалпыға міндетті сипатына қарай тиісті нормативтік қаулының ережелерімен бірге қолданылуы тиіс. Заңдардың нормативтік қаулыларда нақтылануы Қазақстан Республикасының заңнамасын одан әрі дамытуға және жетіл­діруге тікелей әсер етеді. Жоғарғы соттың нормативтік қаулылары сот практикасын қалыптастыруда елеулі рөл атқарады, сонымен қатар сот органдары үшін де, басқа органдар, заңды және жеке тұлғалар үшін де құқық қолдануда бағдар береді. Олар белгілі бір істердің санатын қарауға бірыңғай прак­тикалық тәсілді, сот практикасын мұқият зерделеу нәтижесін көрсетеді, заңнаманы қолдану жөніндегі мәселелерді түсіндіреді. Сонымен қатар сот және тергеу прак­тикасында міндетті түрде қолданылуы тиіс және ғылыми түсіндірмелерге жатпайды. 
Нормативтік қаулылар бүкіл сот практи­касын талдау нәтижесі ретінде оның бір­кел­кілігін міндетті болуына байланысты рес­пуб­лика конституциясында көзделген олардың елдің тұтас ауқымда болуын қамтамасыз етеді. Нормативтік құқықтық актілерді оңтайлы жасау және дұрыс жазу бойынша заң техникасының жалпы қағидалары Жоғарғы соттың нормативтік қаулыларын әзірлеу мен ресімдеуге де қолданылады. Нормативтік қаулы құқықтық қатынастарға, қатысу­шыларға әрекет етудің белгілі бір нұсқасын белгілейді және оны осы актілерде ай­қындалған жағдайда ұстануға міндетті.
Сот практикасын зерделеу және қорыту Жоғарғы соттың жұмыс жоспарына енгі­зіледі және қорыту нәтижелері негізге алынып, нормативтік қаулылардың жоба­ларын әзірлеу бойынша жалпы отырыстың жұмыс жоспары жасалады. Судья қаулының жобасы бо­йынша жазбаша қорытынды дайындайды, одан кейін осы қаулы жо­басында жазылған ұстанымдарға қатысты пікірлерді айқындау мақсатында жалпы отырыс хатшысының қатысуымен тиісті сот алқасында тал­қыға салынады. Бұдан соң жоба ғылыми-кон­сультативтік кеңестің отырысында талқы­ланады.
Нормативтік қаулыларды қабылдау мәселесі туралы қарау кезінде жалпы оты­рысқа Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің өкілі, Конституциялық ке­ңестің төрағасы, Бас прокурор, Әділет министрі, ғылыми-консультативтік кеңестің мүшелері және басқа да тиісті мекемелердің өкілдері шақырылады.
2015 жылғы бірінші қаңтардан бастап Қыл­мыстық кодекстің, Қылмыстық-процес­тік кодекстің, Қылмыстық атқару кодексінің және Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 2016 жылғы 1 қаңтардағы жаңа редакцияда қолданысқа енгізілуіне байла­нысты, қылмыстық, азаматтық және әкім­шілік құқық саласындағы нормативтік қау­лылар тұжырымдалық тұрғыдан түзетулерді қажет етті.
Аталған кодекстердің жобаларымен жұ­мыс жасау барысында Мемлекет басшысы қылмыстық заңның және қылмыстық сот ісін жүргізудің жаңа үлгісіне көшу, әкімшілік құқықбұзушылық туралы заңнаманы және қылмыстық жазаларды орындау жүйесін жетілдіру жөніндегі іс-қимыл жоспарын бекітті. 
Жоспарда қойылған міндеттерді іске асыру мақсатында Жоғарғы сот нормативтік қаулыларға мониторинг жүргізді, оның нәтижесі бойынша 16 нормативтік қаулыға түзетулер енгізілді. Түзетулер сот билігі ту­ралы, сот ісін жүргіздің жариялылығы қа­ғидатын сақтау, сот актілерінің орындалуын қамтамасыз ету, мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен айырып алу туралы заңнамаларды қолдану, алқабилердің қатысуымен өтетін қылмыстық істерге қатысты іс жүргізуді регламенттейтін заңнаманы соттардың қолдану мәселелері бойынша енгізілді. 
Қосымша тергеп-тексеру институтының таралуына байланысты «Соттардың қыл­мыстық істерді қосымша тергеу жүргізу үшін қайтаруы туралы» Жоғарғы соттың 2001 жылғы 13 желтоқсандағы № 19 нормативтік қаулысының күші жойылды.
«Алқабилерді қатыстырып қылмыстық істерді қарауды реттейтін заңдарды соттардың қолдану тәжірибесі туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының 2012 жылғы 23 тамыздағы №4 нормативтік қаулысына бірқатар өзгерістер енгізілді. 
Қазіргі кезде жоғарыда аталған кодекс­тердің жаңа үлгісіне көшу жөніндегі жұмыс жалғасуда. Қырыққа жуық нормативтік қаулының ережелері қайта қаралады. Осы бағыттағы жұмыстан басқа азаматтық істерді қарау кезінде жекелеген заңдарды қолдану­дың сот практикасы туралы бірқатар қаулы­лардың жобаларын қабылдау жоспарда тұр. 
Ағымдағы жылдың 21 қарашасын Мемлекет басшысының қатысуымен республика судья­ларының VII съезі өтеді деп жос­пар­лануда. Съезде Ұлт жоспары шеңберінде республика сот­тарының бес институттық реформа шең­бе­рінде атқарылған жұмысының нәтижесі тал­қыланып, алдағы кезеңге ар­налған жаңа мін­дет­тер айқындалатын бо­лады. Осы ретте Жоғарғы соттың норма шы­ғармашылық бағы­ты бойынша қызметі одан әрі жанданып, ел аза­мат­та­рының конституциялық құқық­тары мен бос­тан­дық­тарын қамтамасыз етуді кү­шейту ба­ғы­тында ауқымды жұмыстар қар­қын алатын болады.
Қалидола ШАУХАРОВ, 
Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының судьясы,
жалпы отырыс хатшысы