Негізгі бет  /  мақалалар  /  Премьер бала дәрiгерлерiн дайындауды тапсырды

Премьер бала дәрiгерлерiн дайындауды тапсырды

Айқын-ақпарат
836
Премьер бала дәрiгерлерiн дайындауды тапсырды 2017 жылдың бiрiншi қыркүйегiнен бастап елiмiзде педиатрия факультеттерiнiң жұмысы қайта жанданып, бала дәрiгерлерi дайындала бастайды.

Бүгiн үкiмет отырысында Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев осындай тапсырма бердi.

«Бала дәрiгерлерiн дайындау мәселесi дұрыс көтерiлiп отыр. Мен бұл ұсынысты толыққанды қолдаймын. Министр Дүйсенова (Тамара Дүйсенова - Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрi) және министр Сағадиевке (Ерлан Сағадиев - Бiлiм және ғылым министрi) тапсырма беремiн. Медициналық жоғары оқу орындарында педиатрия факультеттерiнiң жұмысын қайта жандандыру қажет. Келесi жылдың бiрiншi қыркүйегiнен бастап студенттердi дайындауды бастау керек. Бұндай сұрақтарда сынаққа жол берiлмеуi тиiс», - дедi Үкiмет басшысы.

Айта кетейiк, бүгiн отырыста вице-премьер Иманғали Тасмағамбетов бала дәрiгерлерiнiң тапшылығы мәселесiн көтердi. Ол келесi жылдан бастап медициналық жоғары оқу орындарында педиатрия факультетiнiң жұмысын қайта жандандыруды ұсынды.