Негізгі бет  /  мақалалар  /  Өрттен қаза тапқан студенттер болып шықты

Өрттен қаза тапқан студенттер болып шықты

Айқын-ақпарат
997
Өрттен қаза тапқан студенттер болып шықты "Алматы Тауэрс" ғимаратындағы өрттен қаза тапқандар студент болып шықты.

"Алматы полициясы 6 қарашада Бостандық ауданындағы бизнес-орталықта болған өрттің салдарынан қаза тапқандардың аты-жөнін анықтады. Еске салайық, мәйіттер кеше сағат 11.00-де оқиға орнындағы қирандыларды жинау кезінде табылған болатын. Олар 1994, 1995, 1996 жылғы жігіттер, алматылық ЖОО студенттері", - делінген хабарламада. 

Осы дерек бойынша соталды тергеу жалғасып жатыр. Өндіріс кезеңінде қылмыстық іс бойынша басқа да мән-жай анықталады дейді полицейлер.
kaz.tengrinews.kz