Негізгі бет  /  мақалалар  /  Мексикада футболшы төрешіні ұрып өлтірді

Мексикада футболшы төрешіні ұрып өлтірді

Айқын-ақпарат
727
Мексикада футболшы төрешіні ұрып өлтірді Қайғылы жағдай әуесқой командалар арасында болған матч кезінде орын алды, деп хабарлады isport.ua.

Мексиканың Идальго штатында жан түршіктірерлік жағдай болды. Тулансино қаласында өтіп жатқан футбол матчы кезінде төреші Виктор Трехо ойыншылардың бірі Рубен Риверу Васкеске қызыл қағаз көрсетті. Ал, ойыншы болса төрешінің бұл шешіміне келіспеді. Сөйтіп, өзінің ойынша әділетсіз шешім шығарған төрешіні жазаламақ болған Васкес, 59 жасар азаматты баспен ұрып құлатады. Төреші Трехо соққыдан ес-түссіз құлайды. Оқиға орнына жеткен медицина қызметкерлері жасы келіп қалған төрешінің өмірін сақтап қала алмады. Ал оны соққан ойыншы оқиға орнынан бой тасалап үлгерді. Қазіргі таңда оны іздестіру жұмыстары жүріп жатыр.

Қазақпарат