Негізгі бет  /  мақалалар  /  Жолаушылары өтем ақысын алады

Жолаушылары өтем ақысын алады

Айқын-ақпарат
757
Жолаушылары өтем ақысын алады Алматы-Отар телімінде жолдан шыққан жүк вагондары салдарынан кешіккен пойыздардың жолаушылары өтем ақы алады, деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның баспасөз қызметі.

7 қарашада 14 сағат 15 минутта Алматы-Отар телімінің Саз стансасында жолаушылар пойыздарының қозғалысы қалпына келтірілді.   Жолаушылар пойыздары сапарларын кестеден кешігіп жалғастырды. «Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушыларды тамақтандыруды ұйымдастырды. Жолаушылар тиісті стансаларға жеткен соң, кешіккен пойыздарға байланысты «ҚР темір жол көлігі туралы» және «Жолаушылар, багажды және жүк багаждарын темір жол көлігімен тасымалдау ережесі туралы» заңдарына сәйкес өтемақы алады», делінген хабарламада. Еске сала кетсек, кеше таңғы 5 сағат 18 минутта Алматы жол бөлімшесінің Алматы-Отар желісіндегі Саз стансасында екінші жолдан №2851 жүк пойызының 12 вагоны шығып кеткен болатын. Оқиға орнында Алматы жол бөлімшесінің қалпына келтіру пойызы жұмыс істеуде. 8 жолаушылар пойызы кестеден кешікті. Апат себебін анықтау үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ жанынан арнайы комиссия құрылды.  

Қазақпарат