Негізгі бет  /  мақалалар  /  Ауыл тұрғындарымен бетпе-бет

Ауыл тұрғындарымен бетпе-бет

Айқын-ақпарат
668
«Нұр Отан» партиясының Жамбыл облыстық және Байзақ аудандық мәс­лихатындағы депутаттық фракция мү­шелерінің сайлау округтеріндегі сай­лау­шылары үшін «Есіктен есікке» акция­сын өткізді.

 Партияның аудандық мәс­лихаттағы  депутаттық фракция мү­ше­лері А.Исабаев, Р.Сәрсенов, Р.Са­пар­­беков, А.Жәмішжанов, Г.Тұралиева, С.Рәпілбеков, С.Молдабеков өз сайлау округтеріндегі сайлаушыларымен кез­десті. Кездесулер барысында тұрған­дар­дың сұрақтарына депутаттар тара­пынан толыққанды жауап беріліп  және бірнеше мәселе бойынша халық қа­лаулылары  жақын арада шешуге ықпал жасайтындығын айтты. Сонымен қатар «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының жә­не «Нұр Отан» партиясының «Қазақ­стан – 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жа­сам­паздық» сайлауалды бағдарла­ма­сын­дағы бағыттарды түсіндіріп, бес жыл­дағы міндеттер түсіндірілді. Халық қа­лаулылары қатарында №10 сайлау окру­гі бойынша  Жамбыл облыстық мәс­лихатындағы  депутаттық фрак­ция­сының мүшелері Т.Нұрбаев,  Сарыкемер ауы­лында 3 үйді аралап,  №12 сайлау ок­ру­гі бойынша  Б.Сейткәрімов Түй­мекент ауылында 2 үйді аралап, отбасы мүшелеріне партияның сайлауалды бағ­дарламасын түсіндіріп, ал­дағы мін­деттері жайлы айтты.

Ерман ҚАНЖАНҰЛЫ, 
Жамбыл облысы