Негізгі бет  /  мақалалар  /  Ақтөбелік кәсіпкер Шығанақтың ақ тарысын іздеп жүр

Ақтөбелік кәсіпкер Шығанақтың ақ тарысын іздеп жүр

Айқын-ақпарат
1019
Ақтөбелік кәсіпкер Шығанақтың  ақ тарысын іздеп жүр Ақтөбедегі даңқты тары өсіруші Шығанақ Берсиев ауылының кәсіпкерлері тарыны ұлттық брендке айналдырып, Италиядағы көрмеге қатысып келді.

Кәсіпкер Жақып Жұмабай келер жылы «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесіне қатысып, тары-жарманы, одан жасалған жентті шетелдіктерге ұсынбақ. Кейін 2017 жылдың қараша айында Оңтүстік Кореяда болатын ұлттық тағамдар көрмесіне тағы барады. 

Жақып Жұмабай – 2000 жылы мал шаруашылығымен қатар тары өсіруді қолға алған Ойыл ауданы­ның кәсіпкері. Қазір қорада 2 мың бас қойы, 200-ден астам ірі қарасы бар. Ендігі ойы – тары өсіруді қол­ға алып, ұлттық тағамды жарна­ма­лау, брендке айналдыру. «Шығанақ Берсиевтің ауылы тары өсіре ала­ды. Дегенмен күні бүгінге дейін ауа райы қолайсыз болды, шығым аз. Он жылдан астам уақыт бойы гек­та­рынан 2 центнерден өнім жинал­ды. Биыл ылғал мол, жаз жаңбырлы болды. Әрі суармалы әдісті пайда­ланып, «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында мемлекеттік грантқа ие болдым. Қаржы техниканы жаңар­туға, жаңа аппарат сатып алуға жұм­­­салды» дейді кәсіпкер Жа­қып Жұмабай. 
Тары өсіруші Жақып Жұмабай әлем­дік рекорд иесі Шығанақ Бер­сиевтің ақ тарысын әлі іздеп жүр. Он жылдан астам уақытын сарп ет­кен шаруа бірде тарыны табады. Зертханадан өткізген кезде дәнді дақыл суға пісірілген болып шық­ты. «Әлі іздеп жүрмін, табу мүмкін болмай тұр. Егер табылса, өсіріп, тары шаруашылығын жандандырар едік. Ал қазір пайдаланып отырған тары – 2000 жылдан бері егілген өнім­­нің тұқымы. Жыл сайын ірік­теп, жақсысын алып қоямын. Ке­лер жылы егіп, өз-өзімізді тұқым­мен қамтамасыз етіп отырмыз» дейді ол. 
Кәсіпкер биыл 10 гектар жерге суар­малы әдіспен тары екті. Әр гек­тарынан 21 центнерден өнім жи­наған. Ал қарапайым әдіспен егіл­­ген тарының әр гектарынан 15 цент­­нер өнім жиналған екен. Ал­дымен Италия халқын тәнті ет­кен тары дәмі енді «ЭКСПО» ха­лық­аралық көрмесінде шетелдік­­тер­ге ұсынылады. Кейін Оңтүстік Ко­рея­­да өтетін ұлттық тағамдар көр­месіне қатыстырылады. «Алды­мен Астана қаласында өткен ұлт­тық та­ғам құндылықтарын наси­хат­тайтын конференцияға қатысып, әлем­нің 160 елі қатысатын көрмеге жолдама алдым. Тары шаруа­шы­лығы реттелген, тарының өз серти­фикаты бар. Сондықтан шетелге алып шығу мүмкіндігі жасалды. Ал­­матының апорты, Шымкенттің жү­зімімен қатар Ақтөбенің тарысы көрмеге қойылып, ғылыми кон­фе­рен­ция кезінде оның тағымдық құн­­дылығы айтылды. Тары мен жар­маның 200 грамын 1 евроға, жент­ті 6 евроға сатып, оның дәмін та­тып көруге мүмкіндік жасалды. Біз конференцияға қатысушы­ларды «ЭКСПО – 2017» көрмесіне шақырып, Астанада кездесеміз деп уағдаластық» дейді Ж.Жұмабай. 
Шетелге шығарылған тары мен жарманың сыртына ағылшын ті­лін­де атауы жазылып, Шығанақ Берсиев ескерткішінің суреті бей­не­ленген логотип желімделді. Ке­йін арнайы сертификаты бар та­ры­ға жергілікті кондитер фабрикасы ұсы­ныс жасап, шоколадты жент жасауға қажетті жарманы сатып алу келісімі жасалды. Қазір Ақ­тө­беге келген шетелдіктер мен сыйлы қонақтарға шоколадты жент, жер­гілікті өнім сыйға беріліп келе­ді. Ал отандық тағамтану тех­но­лог­тары тары мен жарманы ау­ру­ха­на­лар мен перзентханалар­дағы күн­делікті ас мәзіріне енгізу жо­лын­да жұмыс істеп жатыр. «Конди­тер­лік цех Ойылдың «Жа­қып» шар­­уа қо­жа­лығында өн­ді­рілген тал­­­қанынан шоколад шы­ғарып жа­тыр. «Ақ­тө­бе» деген атау­мен, қа­зақ­ша, орыс­ша, ағыл­шынша тал­­қан­ның пай­да­сы тура­лы жазыл­ған кон­фет қо­­­ра­­бын сыйға бердік. Олар мәз бо­лады. Кәсіпті әрі қарай дамы­ту керек» дейді Ақтөбе облы­сының әкімі Бердібек Сапар­баев.

Алтынай САҒЫНДЫҚОВА,
Ақтөбе облысы