Негізгі бет  /  мақалалар  /  Саакашвили отставкаға кетті

Саакашвили отставкаға кетті

Берік БЕЙСЕНҰЛЫ
1202
Саакашвили отставкаға кетті Одесса облысының губернаторы Михаил Саакашвили отставкаға кететінін мәлімдеді. Мұның себебі неде?

«Сыбайлас жемқорлықты жойып, елде тазалық пен тәртіп орнатуға бар үлесімді қосамын» деп Одессаға келген Грузияның бұрынғы президентіне жұмыс істеуге жергілікті билік пен Украинаның бүгінгі басшылығы еш мүмкіндік бермеген сияқты. 
-Бәрібір Украинаны сыбайлас жемқорлықтан азат ету керек. Украин революциясының идеяларын сатып кеткен қазіргі билік байлықты өздерінің қалтасына тығып жатыр. Бұл жабайы көрініс түбінде елді құлатады» деген Михаил Саакашвили әділетсіздікпен күресетінін, әлі де өз позициясынан қайтпайтынын мәлім етті.
- Мен елде жаңа күрес бастау үшін отставкаға кетуге шешім қабылдадым. Қолымды қусырып қарап отыра алмаймын және бүгінгі билікке қарсы шаршамай, қайыспай қасарыса жұмыс істейтінімді мәлім етемін. Олар менен енді құтылып көрсін! Мен күрескерлік жолында тоқтай алмайтынымды мәлімдеймін , - деді ол журналистермен өткен брифингте .
2015 жылдың 30 мамыр күні Одесса облысының губернаторлығына басшы болып келген Михаил Саакашвилидің лауазымдық ғұмыры бір жылдан ғана асты.
Енді алдағы уақытта не істемек? Бұл жайлы ол жұртшылықты хабардар еткен жоқ.