Негізгі бет  /  мақалалар  /  Қоғамдық қабылдауға 4495 шағым түсті

Қоғамдық қабылдауға 4495 шағым түсті

Айқын-ақпарат
898
Қоғамдық қабылдауға 4495 шағым түсті «Нұр Отан» партиясының Қарағанды облыстық филиалында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өтті. Қабылдау тәуелсіздіктің 25-жылдығына орай ұйымдастырылған «Тәуелсіз Қазақстан» акциясы шеңберінде өтті.

Айта кету керек, Қарағандыға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутатары, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік саланың үздік мамандары мен заңгерлер, т.б. мінген арнайы поезд келген болатын. Акция қатысушылары қарағандылықтарға әртүрлі бағыттар бойынша кеңес беріп, көмек көрсетті.

Партияның облыстық филиалында қабылдау өткізген мамандар тобына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұрлан Дулатбеков жетекшілік етті. Қабылдауға 15 адам жазылған екен.

Тұрғындар мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй алу үшін кезеке қою, жеңілдіктер мен өтемақылармен қамту, сондай ақ тұрғын үй берудің заңдылығын тексеру бойынша шағымданды. Сонымен қатар, азаматтар сот орындаушылары мен ішкі істер органдары қызметіне қатысты мәселелермен бөлісті.

Әр мәселе бойынша кеңестер беріліп, жауап қайтарлылды. Айта кету керек, ағымдағы жылдың 10 айы бойынша партияның облыстық және аумақтық филиалдарының қоғамдық қабылдауларына 4495 шағым түсіпті. Өткен жылы қоғамдық қабылдауға 4321 адам жүгінген болатын.

Ләззат ҚОЖАХМЕТОВА,

Қарағанды облысы