Басты  /  мақалалар  /  Адамзатқа төнген ғасыр қасіреті

Адамзатқа төнген ғасыр қасіреті

Берік БЕЙСЕНҰЛЫ
1925
Адамзатқа төнген ғасыр қасіреті Адамзат тарихында неше түрлі зұлмат оқиғалар орын алды. Оның зардабын тек адам баласы көрді. Бірақ осы уақытқа дейін тосын келген зауалдан, миллиондаған адам құрбан болса да, ешкім одан әлі сабақ алған жоқ.

 Ғасыр қасіреті араға 30, кейде 50 жыл жыл  салып, тағы қайталанып келеді. 

Сонау ес білген ерте ғасырдан бастап,  адамзатқа төнген зұлмат оқиғаның жиі қайталанып отыруының себебі неде? Бүгінгі кейбір сарыуайым сарапшылар мұның себебін негізсіз айтылатын астардан іздейді: Жер шары жыл сайын миллиондарға көбейіп жатқан адамзатты асырай алмайды. Сондықтан белгісіз бір топтар адамдардың арасына әртүрлі инфекциялық ауруларды таратып отырады. Жүз жылда адам баласының саны миллиондарға кеміп, артынан көбейіп отыратынының сыры осында. Бірақ бұл болжам қаншылықты ақиқат? Шынымен де солай ма? Бұл жорамал санаға сенімсіздік әкеледі. Бірақ алпауыт елдердің геосаяси ойынынан да жазықсыз адамдардың қырылып жатқаны енді ақиқат. Мұны жоққа шығара алмаймыз. Бірақ қарусыз –ақ қырып –жоятын инфекциялық аурулар адамзатқа қыруар шығын алып келді. Бір ғана мысал, өткен ғасырдың алпысыншы жылдарының ортасында оспа жаман індеті 2 миллион адамның өмірін жалмады. Бүкіләлемдік Денсаулық сақтау ұйымы көбейіп  бара  жатқан инфекциялық ауруларды тоқтату үшін ғаламның қасқабас ғалымдарын жинап, жаңадан вакцина жасауға мәжбүр болды. Оспа ауруының ең соңғы адамы 1977 жылы өлді. Қазір бұл инфекция  ғылыми лабороториялардла ғана зерттеледі.

Бұдан арғы тарихқа көз жүгіртер болсақ, 1918 жылы орын алған «испан тұмауы» бүкіл әлемге тарап, одан ұзын-ырғасы 30 миллионнан астам адам қайтыс болды. Ал мұның «испан ауруы» аталуының сыры неде? Өйткені бұл сырқатты Еуропадан Латын Америкасы мен АҚШ-қа барған испандық азамат таратқан. Бірнеше айдың ішінде дем жетпей, 20 миллион адам қайтыс болған. Қазірдің өзінде көптеген сарапшылар «испан тұмауын» адамзат тарихындағы ең қатерлі жұқпалы сырқат болғанын мойындайды.

Бұрынғыдай  болмасада, құрт ауруы да қазір қауіпті сыртқаттың біріне жатады. Мамандардың мәліметіне қарағанда, бүгінгі таңда дүние жүзінде туберкулезден 2 миллионнан астам қайтыс болады. Бұл инфекциялық ауру 17 ғасырдан бастап қазірге дейін өршіп тұр. Басқа жұрт біле бермес, 17- 18 ғасырларда  «құрт ауруы» америкалықтардың  ең басты прблемасына айналған. Сол кезде елдегі 100 адамның 20-сы туберкулезден қайтыс болды. 1940 жылдардан бастап бұл вируспен күресетін антибиотиктер жасалды. Адам баласы бұл сырқаттан толық құтылмаса да,  қазір ауырмаудың жолын іздеуде. Иммунитеттің нашарлауынан, дұрыс тамақтанбаудан және кедейшілік  тұрмыстың әсері туберкулезді түпкілікті жоя алмай отыр.

Бірақ өркениет дамыған сайын адам баласына құпия әрі түсініксіз түрде келетін вирустың саны да артып келеді. 1980 жылдары адамзат тағы бір зауалға кезікті. СПИД деп аталатын инфекциялық сырқат қазір де өршіп, эпидемия ғаламдық пандемияға айналды. Дерекке жүгінсек, дүние жүзі бойынша СПИД-тен 25 миллион адам өлді, қазір әлемдегі 33 миллион адамның бойында осы жұқпалы ауру бар. Кейбір мамандардың пікіріне қарағанда, бұл вирус маймылдан адамға жұққан. Қазір де нашақорлар мен қорғалмаған жыныстық қатынас арқылы және қан тамырлары арқылы тарайтын бұл аурудың емі табылған жоқ. Қалай айтқанда, бұл зұлмат  бүгінгі таңда  адамзат үшін ең қауіпті жұқпалы аурудың біріне айцналды. Кейбір аурулардың емі табылып жатыр. Бірақ СПИД - тің дауасын табуға ғалымдар дәрменсіз. Кезінде бұл ауруға қатысты неше түрлі қауесет те тараған. «Бұл әлдекімдердің Еуропа мен Американың  лабороторияларында арнайы жасалып, адамзатқа әдейі жіберілген  сынағы»деген абырой әпермес жорамалдар да айтылған. Шынымен де солай ма? Енді ол жағы мәлімсіз. Бірақ ақиқаты, бұл зауалдан адамзат әлі құтыла алмай отыр.

Бірақ мыңдаған ғасыр өтсе де, адамзатпен бірге жасасып келе жатқан вирустардың барын да жоққа шығары алмаймыз. Мысалы, малярия жаңадан пайда болған эпидемия емес. Осыдан 4 мың жыл бұрынғы грек ойшылдарының жазбаларында малярия сырқатының әсері туралы  жұртшылыққа хабардар етілген. Малярия маса мен сонадан тарайды.  Ақпайтын сасық судың маңайында болатын масалар адамды шағады да, бұл микроб терідегі қан арқылы ағзаға тарайды. Қанға тиген вирус адамды әлсіретеді, бас ауырып, балтыр сыздап, бұлшық еттер ауырсына бастайды. 1906 жылы АҚШ билгі  Панама каналын қазуға 26 мың сарбазын алып барған, бірнеше ай өткен соң 21 мың солдатқа «малярия сырқатынан қайтыс болды»  деген диагноз қойылған. Бір таңқаларлық нәрсе, бұл аурудан тек әскерилер ғана зардап шеккен. Кейбір деректерге қарағанда, бұл сырқаттан азаматтық соғыс кезінде1316000 адам зардап шеккен. Оның 10 мыңы қайтыс болған. Сондай-ақ британ, ағылшын және француз сарбаздары да малярияның әсерінен әскер қатарынан шығып қалып, жарамсыз атанған.  Екінші дүниежүзілік соғыс уақытында Тынық мұхит және Африка континентінде азаматтық борышын өтеп жүрген  60 мың америкалық сарбаз малярияның кесірінен бақилық болған. Тек екінші дүниежүзілік соғыстың аяғына қарай АҚШ билігі  сырқатты тоқтатуға орасан зор қаржы бөлді. Сөйтіп жаңадан дәрі жасалғаннан кейін ғана маляриядан мән кете бастады. Бірақ бүгінгі таңда бұл вирус толыққанды жойылып кетті деуге әлі ерте. Әсіресе, Африканың оңтүстік бөлігіндегі елдер әлі жұқпалы вирустан зардап шегуде. Жыл сайын маляриядан 500 мыңға жуық африкалықтар қайтыс болады. Дегенмен өткен ғасырға қарағанда, аталған жұқпалы аурудан бақилық болатындардың саны жыл өткен сайын азайып келді.

Еуропадан тараған холера ауруы да бүгінде қауіпті жұқпалы вирустың бірі болып отыр. Алдымен маймылдан тараған вирус қазір де адамзатқа қатерін төндіріп отырғанын мамандар жоққа шығармайды. Өндірістік қалдықтар мен судың ластануынан пайда болатын бұл сырқаттан құтылу жиырма бірінші ғасырда да үлкен проблемаға айналып барады.

Мыңдаған жылдар  бойы адамзатпен қатар өмір сүріп келген полиомиелит те балалардың өмірден ерте кетуіне себепкер болды. Бұл сырқат әсіресе, балалардың буынын босатып,  (суретті қараңыз)  оларды сал ауруына ұшыратады. 1952 жылы полиомиелиттен АҚШ-та 58 мың дерек тіркеліп, ауырған бүлдіршіндердің үштен бірі сал ауыруына шалдықты. Бұл сырқаттан Америкада 3 мың бала қайтыс болды.

Адамның жүйке жүйесінің зақымдануынан пайда болатын бұлжаман індеттің төркіні қайдан? Мамандардың зерттеуіне қарағанда, лас суды ішкен адамның ішіне вирус түседі. Оның алғашқы белгілері мынада:  адамның дене қызуы көтеріліп, бас айналады, жүрек айнып,  лоқсиды. Онымен ауырған әрбір 200 адам сал ауруына ұшырайды.  Ауру ең алдымен аяққа әсер ете бастайды. Ең дұрысы, алғашқы белгілері байқала бастағанда-ақ, ағзаның иммундық күшін әлсіретпей, оған қарсы күресу керек. Тезірек дәрігерге барған жөн. Қазіргі уақытта  полиомиелитпен ауыру АҚШ-та күрт сиреді, тек дамушы елдерге ғана тән болып отыр.

Құс ауруы да  - қатердің бірі. wikipedia.org порталыаның мәліметінше, «құс тұмауының вирусы алғаш XX ғасырдың басында Италияда анықталған және ұзақ бойы адамдар үшін қауіпсіз деп есептелінген. Бұл вирус жабайы және үй құстарында, жылқыларда, шошқаларда кездеседі. Жабайы құстар (әсіресе суда жүзетін үйрек, қаз , аққу және т.б) әдетте құс тұмауымен ауырмайды, бірақ індеттің  таралу көзі болып табылады. Құс тұмауының вирусын адамдардың алғаш жұқтыруы 1997 жылы Гонконгта тіркелген. Онда құс тұмауы вирусының Н5N1 түрімен 18 адам науқастанып, алтауы қайтыс болған. 2003 жылы құс тұмауы Вьетнамда, Камбоджада, Қытайда, Индонезияда, Лаоста, Пәкістанда, Кореяда, Таиландта, Тайвань мен Жапонияда тараған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының   мәліметі бойынша, 2003 жылдан бері құс тұмауымен 100 адам сырқаттанған, олардың жартысының көбі өлген. Ресми деректер бойынша, 2005 жылдың 7 айында әлемде құс тұмауына шалдыққан 67 адам тіркелген, аталған кеселге негізін 25 жасқа дейінгі жастар шалдыққан, ол кеселге шалдыққандардың 70 пайызы құрайды. Оның ішінде 25 адам өлген.. 1997-1999 жылғы індеттеен кейін құс тұмауынақарсы вакциналар дайындала басталды, олар бүгін де клиникалық сынақтан өтуде».

el.kz порталының хабарлауына қарағанда, «Эбола вирусы алғаш рет 1976 жылы Судан мен Заир елдерінде ағатын Эбола өзенінің бойында пайда болған. Ол кезде 284 адам ауырып, оның 53 пайызы қайтыс болды. Вирустың екінші ошағы сол жылы бірнеше айдан кейін Заир мемлекетінің Ямбуку атты елдімекенінде пайда болып, ауруды жұқтырған 318 адамның 88 пайызы мерт болды.

Негізінен бұл жұқпалы сырқат экономикалық жағынан артта қалған елдерде орын алып отыр. Мысалға алар болсақ.  Гвинея – 1199 (ауырғанадам саны)/ 739 (қайтысболғанадам саны), Испания – 1 / 0, Либерия – 3834 / 2069,  Нигерия – 20 / 8,  Сенегал – 1 / 0,  США – 1 / 0,  Сьерра-Леоне – 2437 / 623. Бұл елдерде жағдай өте қиын, сондықтан таза  тамақ ішу мүмкін емес».

Айтуға оңай болғанымен, барлығы ұлттың салауатты өмір сүру сапасына, халықтың әлеуметтік жағдайына келіп тіреледі емес пе? Демек, адамзатты құртып жатқан  ғасыр қасіретіне тоқтау салу қиын әрі оңай емес...