Негізгі бет  /  мақалалар  /  Мәскеу әуежайларында 60-тан астам рейс кешігуде

Мәскеу әуежайларында 60-тан астам рейс кешігуде

Айқын-ақпарат
967
Мәскеу әуежайларында 60-тан астам рейс кешігуде   Мәскеу әуежайларындағы онлайн-таблода 60-тан астам рейс кешігіп жатыр. Ұшақтардың кешігу себептері көрсетілмеген, деп жазды РИА Новости.

«Домодедово» таблосындағы мәліметтер бойынша, кеше Мәскеу уақытымен 21:30-да 18 ұшу және 30 келу рейстері кешікті. Екі рейс тоқтатылды. «Шереметьево» әуежайында келуі тиіс 5 рейс, ал «Внуковода» 15 рейс кешіккен. Мәскеу ТЖМ баспасөз қызметі қалың жауған қар мен бораннан мың метрге дейінгі жерді көру мүмкін болмайды деп хабарлаған еді. Сенбі күні «Аэрофлот» қолайсыз ауа райына байланысты 6-7 қараша күндері «Шереметьево» әуежайының бірқатар рейстері кешігетінін хабарлады. 

Қазақпарат