Негізгі бет  /  мақалалар  /  Гаитидегі су тасқынынан 10 адам қаза тапты

Гаитидегі су тасқынынан 10 адам қаза тапты

Айқын-ақпарат
1016
Гаитидегі су тасқынынан 10 адам қаза тапты 5 және 6 қараша күндері Гаитиде болған су тасқынынан 10 адам бақилық болды. Бұл туралы елдің ішкі істер министрлігінің қызметкері хабарлады, деп жазды Reuters агенттігі.

Аралдың солтүстігіндегі Кап-Аитьен қаласында 7 адам көз жұмды. Тағы үш адам Солтүстік-Батыс, Солтүстік-Шығыс және Гранд-Анс департаменттерінде мерт болды. Министрлік өкілінің хабарлауынша, арал тұрғындары толассыз жауған жауыннан түрлі жағдайда қаза тапқан. Сонымен бірге, оның айтуынша, ел аумағында шектен тыс жауын-шашын күтілуде. Гаити Халықты қорғау департаментінің хабарлауынша, қазақ тапқандардың үшеуі балалар, деп жазды агенттік. Қазан айында БҰҰ Гаитидегі «Мэттью» дауылынан зардап шеккендерге көмек ретінде 119 миллион доллар жинау қажеттігін мәлімдеген еді. 

Қазақпарат