Негізгі бет  /  мақалалар  /  12 вагоны жолдан шығып кетті

12 вагоны жолдан шығып кетті

Айқын-ақпарат
859
12 вагоны жолдан шығып кетті Саз станциясында жүк пойызының 12 вагоны жолдан шығып кетті, салдарынан 8 жолаушылар пойызы уақытынан кешігуде деп хабарлайды «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметінен.

2016 жылғы 7 қарашада таңғы 5 сағат 18 минутта Алматы жол бөлімшесінің Алматы-Отар желісіндегі Саз станциясында екінші жолдан №2851 жүк пойызының 12 вагоны шығып кетті. Оқиға орнында Алматы жол бөлімшесінің қалпына келтіру пойызы жұмыс істеуде. 8 жолаушылар пойызы кестеден кешікті. Пойыз қозғалысын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Пойыз қозғалысы алдағы үш сағатта қалпына келтірілетін болады. Апат себебін анықтау үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ жанынан арнайы комиссия құрылды.

Қазақпарат