Негізгі бет  /  мақалалар  /  Ит иесін күтіп жүр

Ит иесін күтіп жүр

Айқын-ақпарат
747
Ит иесін күтіп жүр Шымкенттегі "Шығыс" ықшамауданының автобус аялдамасында иесін бірнеше күн бойы тапжылмай күтіп отырған ит жұрттың жүрегін елжіретті. Тұрғындар оны "Хатико" атап кеткен. Бұл туралы NUR.KZ порталы Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Итті байқап қалғандар оған көмектесуге тырысқанымен, жаунар тамақтан да бас тартып отыр.

 

"Ол бұл жерде тұратын итке ұқсамайды. Біреуді сарғайып күтіп отырғандай әсер қалдырады", - дейді итті көрген тұрғындар.

Шымкентте «Хатико» атанып кеткен ит иесін аялдамада бірнеше күн бойы тапжылмай күтіп жүр (фото)

"Хатико" аталып кеткен итке көпшілік алаңдаушылық білдіруде. Олар жануарды таныған қожайынынан оны аман алып қалуын сұрап отыр.