Негізгі бет  /  мақалалар  /  Өрттен бір адам қаза тапты

Өрттен бір адам қаза тапты

Айқын-ақпарат
657
Өрттен бір адам қаза тапты Кеше"Алматы Тауэрс" бизнес-орталығында орын алған өрт дәнекерлеу жұмыстары жүргізілгеннен кейін шыққан. Салдарынан газбен уланып қалған 54 жастағы ер адам қайтыс болды деп хабарлады NUR.KZ порталына Алматы ТЖД-нің ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.

Кеше сағат 18:04-де Алматы ТЖД-не Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 280-үй мекенжайында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндіру қызметі оқиға орнына келіп, ғимараттағы адамдарды қауіпсіз жерге көшіру жұмыстары жүргізілді. Қосымша ақпарат кейінгі уақытта хабарланатын болады деп мәлімдеді Алматы ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.

 

Өрт сөндіру қызметі келіп жеткенде "Алматы Тауэрс" кешеніне жапсарлас жатқан 6 қабатты ғимараттың шатыры өртке оранған еді. Өрт төменгі қабатта орналасқан мейрамхана мен жанындағы 25 қабатты екі ғимаратты да жалмауы мүмкін еді.

ТЖД мәліметінше, өрт шыққанға дейін шатырда дәнекерлеу жұмыстары жүргізілген. 

Өрт сөндіру қызметі келгенге дейін ауа жетіспеуі салдарынан 1962 жылғы дәнекерлеуші оқиға орнында газбен уланып қайтыс болған.

Өрт сөндіру кезінде 80 адам қауіпсіз жерге көшірілген. Өрт сағат 20.36-да сөндірілді.

Өрт аумағы 1 800 шаршы метр болатын жерді жалмаған. 

Өрт сөндіру кезінде 150 жеке құрам және 34 бірлік техника іске қосылды. Сонымен бірге, өрт сөндіруге 50 Ұлттық гвардия қызметкері, Алматы ІІД-нің 65 өкілі, 30 бірлік техника жұмылдырылды.

Қазіргі таңда өрт зертханасының мамандары өрттің шығу себептерін анықтап жатыр.

Нұр.кз