Негізгі бет  /  мақалалар  /  Өрт кезінде адамдар терезеден шыққан

Өрт кезінде адамдар терезеден шыққан

Айқын-ақпарат
753
Өрт кезінде адамдар терезеден шыққан  «Сinema Towers» кинотеатрында болған өрт кезінде адамдар терезеден шығуға мәжбүр болған.

«Біз осы маңайда серуендеп жүргенбіз. Сағат 18-30-дар шамасынла «Almaty Towers» ғимараты жақтан қою түтінді көрдік. Жақындап келсек, өрт болып жатыр. Кинотеатрдың шатыры өртеніп жатыр екен. Жоғарғы қабаттағы адамдар терезеден секіріп жатты. Қазіргі таңда мұнда 4 өрт сөндіруші көлік жұмыс істеп жатқанын көрдік. Көріп тұрғандарыңыздай түтін әлі шығып жатыр. Өртті сөндірумен әлі айналысып жатқан болулары керек. Өрттің қызуы бізге де сезілді»,-дейді куәгерлердің бірі Ербол. Қазіргі таңда Сәтбаев пен Байтұрсынов көшелерінің қиылысынан батысқа қарай қозғалыс тоқтатылды. Байзақов пен Бұқар жырау көшелерінің қозғалысы да шектелді. Өртеніп жатқан ғимарат қоршауға алынды.

 

http://www.inform.kz/kz/sinema-towers-gimaratynda-bolgan-ort-kezinde-adamdar-terezeden-shykkan_a2966746