Негізгі бет  /  мақалалар  /  Жеткіншек қыздардың жүкті болу оқиғалары артып отыр

Жеткіншек қыздардың жүкті болу оқиғалары артып отыр

Айқын-ақпарат
911
 Жеткіншек қыздардың жүкті болу оқиғалары артып отыр Атырау облысында жеткіншек қыздардың жүкті болу оқиғаларының саны артып отыр.

«Өкінішке орай, жасөспірім қыздардың жүктілігі проблемасы бүтін облыс аумағында өзекті болып табылады. 2015 жылы ресми түрде 167 факті тіркелді, ал 2016 жылғы мониторинг нәтижесі желтоқсан айында айтылатын болады. Мысалға, Құрманғазы ауданында 2015-2016 оқу жылында ерте жүктіліктің үш оқиғасы анықталды. Қыздардың бірі - оқушы. Тоғызыншы сынып оқушысын анасы жалғыз тәрбиелейді. Анасы вахталық әдіспен жұмыс істейтіндіктен, қыз бала үйде жиі жалғыз қалып отырған. Мектепте үздік оқиды, әрдайым сыныптастарына үлгі болып келген. Ол дәстүрлі емес дінді ұстанатын жасы өзінен үлкен жігітпен байланысып, ақыры, қиын жағдайда қалды», - деп атап өтті кәмелетке толмағандар істері бойынша облыстық комиссияның отырысында аймақтық білім беру басқармасының басшысы Нұрсәуле Сайлауова. 

ҚазАқпарат