Негізгі бет  /  мақалалар  /  Алматыда үш автокөлік жанып кетті

Алматыда үш автокөлік жанып кетті

Айқын-ақпарат
737
Алматыда үш автокөлік жанып кетті Түнде Алматыда үш автокөлік жанып кетті.

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі Алматы қ. ТЖ департаментінің ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетоваға сілтеме жасап хабарлайды.

 «5 қараша күні 00:38-де Алматы қ. ТЖД «101» пультіне Бостандық ауданы, Мұстафин көшесі 83/5-үйде  автокөліктің өртенуі туралы хабарлама келіп түсті. Өрт бөлімшелері оқиға орнына 00:58-де келді және «Альфа Ромео» автомашинасында от тұтанып, қасындағы «Ниссан Кашкай» көлігімен бірге жанып кеткен. Жақын тұрған «Фольксваген Поло» автомобилін де өрт жалыны шарпыған. Сағат 01:01-де өрт ауыздықталды және 01:06-да толық сөндірілді», - деді Сандуғаш Баймұхамбетова. 

Өрттің жалпы аумағы 6 шаршы метрді құрады. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. 

 

ҚазАқпарат