Негізгі бет  /  мақалалар  /  35 тонна есірткі табылды

35 тонна есірткі табылды

Айқын-ақпарат
728
35 тонна есірткі табылды Қазақстанда «Көкнәр -2016» жедел-алдын алу шараларын жүргізу кезеңінде 35 тоннадан астам есірткі табылды.

 Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі ҚР ІІМ есірткі бизнесімен күрес департаментінің басшысы Сұлтан Күсетовке сілтеме жасап хабарлайды. 

«Бүгін біз «Көкнәр -2016» жедел-алдын алу шараларын қорытындыладық. Операция 30 мамыр-31 қазан күндері аралығында жүрді. Шара барысында 35 тоннадан астам есірткі таптық, оның ішінде 122 келі героин, 230 келі гашиш бар», - деп мәлім етті С.Күсетов. Операция кезеңінде ішкі істер органдары көп күш салды, арнайы бөлімшелер атсалысты және ұшыру аппараттары қолданылды, сондай-ақ «Рубеж» бекеттерінде жұмыстар ұйымдастырылды», - деді ол.

 

ҚазАқпарат