Негізгі бет  /  мақалалар  /  Басты бағытымыз – аграрлық инновация

Басты бағытымыз – аграрлық инновация

Төреғали ТӘШЕНОВ
1442
Басты бағытымыз – аграрлық инновация Ақылбек КҮРІШБАЕВ, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ректоры, Астана қаласы мәслихатының депутаты:

«Нан болса, ән болатыны» ауыл шаруашылығы саласындағы мамандардың жауапкершілігінде десек, қателесе қоймаймыз. Бидай мен ұнның ірі экспортшысы болып есептелетін Қазақстан, осы сала мамандарын қалай даярлауда? Елімізде ауыл шаруашы­лығы саласының мамандарын даярлайтын университеттердің маңдай алдысы өз тәжірибесімен былайша бөліседі…

 

– С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық уни­вер­ситеті құрылған күннен бастап ауылшаруашылық мамандарын дайындап келеді. Бүгінде бұл саланың мазмұны өзгерді. Ғы­лы­-ми негізге ауысты. Осы бағытта қандай шараларды қолға алды­ңыздар?
– Әрине, жылдар өткен сайын қандай сала болмасын түрленіп, дамып отырады. Бү­гін­гідей ғылыми-техникалық про­гресс өрлеп бара жатқан кезеңде ауыл шаруашылығы кадрларына қойылар талап та өзгерді. Біз қа­зір мамандарды жаңа бағытпен дайындаудамыз. Инновацияны жетік білетін, өндіріске инно­ва­цияны енгізе алатын жаңа тол­қын, жаңаша ойлай білетін жас­тар қажет. Осыны ескере оты­рып, Елбасының тапсыр­масына сәйкес ғылыми-зерттеу уни­вер­ситетін құру үстіндеміз. Біз 82 ма­мандық бойынша дуальдық білім беру жүйесіне ауыстық. Енді студенттер энер­гетика, ауыл­шаруашылық, тех­ни­калық, сәулет өнері, эконо­ми­калық және тағы басқа маман­дықтар бойынша тек қана ауди­торияда емес, өндіріс орын­да­ры­на барып сабақ алады. Бұл үш жақты келісімшарт негізінде жү­зеге асуда. Олар: университет – өндіріс – білім алушы. Теория­лық жағынан біз үйретсек, прак­тикалық жағын кәсіпорын өз міндетіне алып отыр. ҚазАТУ қазірдің өзінде еліміздің бетке ұстар озық технологиясы бар 
950 кәсіпорынмен, атап айт­қан-да – «Байсерке», «Родина», «Зинченко», «Феникс» сияқты атақты шаруашылықтармен, «Ас­танаэнергосбыт», «Кегок», «Теплоэнерго» секілді меке­ме­лермен келісімшарт жасасты. Жас маман университетте оқы­ған білімін осы кәсіпорындарға барып, көзімен көріп, қолымен үйренеді. Бұл – әлемдік тәжі­рибеде бар жүйе. Бұрын біздің университетте тәжірибеден өту мерзімі үш-ақ ай болатын. Қысқа уақыт аралығында болашақ ма­ман не үйренеді? Жоғарыдағы аграрлық процестердің бәрін өз көзімен көруі керек деп есеп­теймін. Осыған орай біз прак­тикалық сабақтардың мерзімін 7-8 айға дейін ұзарттық. Дамы­-ған елдердің білім жүйесі осы­-лай. Мамандарға мұқтаж кей­бір кәсіпорындар тәжірибеден өтіп жатқан сол жас мамандарды кейін өздеріне алып қалып, жұ­мыс тауып беруде. Ал білім алу­шылар өндірісте жүріп магистр­лік дипломның тақырыбын бе­­кітіп, кейін диссертациясын қор­ғайды. Біз аграрлық-инно­ва­циялық ғылым бойынша оқу орынның 4 магистрлік бағдар­ламасын әлемге әйгілі Девистегі Калифорния университетінің про­фессорларымен және жұмыс берушілермен бірлесе отырып жасадық. Осының нәтижесінде оқу бағдарламалары 70 пайыз жаңа инновациялық пәндерге өз­­герді. Қазір оқу орынның практикалық базасын жасау үстіндеміз. Жоспарымыздағы 9 платформаның төртеуі жүзеге асты. Бұл – үлкен жетістік. 
Университетте көп тілді білім беру бағдарламасы жаңа жолға қойылып, оған 164 мамандық көшті. Онда оқитын студенттер саны 1 мыңнан асып жығылады. Университеттегі көптілді оқу бағ­дарламасына 2012 жылдан бері 105 шетелдік ғалым келіп, дәріс оқыды. Жас ғалымдары­мызды келісімшарт негізінде Девистегі Калифорния универ­ситетіне тәжірибе жинақтауға жіберіп отырмыз. Олар жаңа тәсілдерді, жаңа білім беру бағ­дарламасын үйреніп келген соң, оны өзімізге енгізеді. Соңғы 3 жыл ішінде 60 оқытушымыз «Болашақ» бағдарламасымен шет­елге барып білім алды. Олар – біздің университетіміздің бола­шағы. Егер осы озық жолдан ай­нымасақ, бұйырса 5 жыл ішін­де талантты жас мамандар дайын­далып шығады. Жалпы оқыту­шыларымыз АҚШ, Сингапур, Малайзия, Венгрия елдерінен келген филолог мамандардан жыл сайын ағылшын тілінен дәрістер тыңдайды.
ҚазАТУ басқа мемлекет­тер­мен де тығыз ынтымақтастық байланыс орнатуда. Айталық, жақында университеттің база­сында елімізде бірінші болып «Қазақстан – Германия дәл егін­шілік орталығы» ашылды. Бұл Елбасының тапсырмасына сәй­кес атқарылған жұмыстың қо­рытындысы деп білемін. Герма­нияның Оснабрюк қолданбалы ғылымдар университетімен іс­керлік шарт жасастық. Біздің ма­гистранттарымыз, докторант­тарымыз енді сол жақтан дәл егін­шілікті басқарудың жол­дарын үйреніп, келгесін біздің жүйеге бейімдейді. Болашақта біз де егіс алқаптарынан дәл егін­шілік нәтижесін көреміз. «Қазақ­стан – Германия дәл егіншілік орталығының» қабырғасынан жаңа инновациялық мамандар дайындалып, отандық егінші­лікті басқаруға озық техноло­гиялар енгі­зетініне сенемін. Уни­вер­си­тетте сонымен қатар, «Қазақстан – Қытай», «Қа­зақ­стан – Беларус», «Қазақстан – Неміс» орталықтары белсенді жұмыс істейді.
– Оқу ордасында озық ел­дердің өнегелі үрдістерін ұтымды енгізіп жатқандарыңыз – құп­тарлық жайт. Университетте сту­денттердің әлеуметтік жағдайына назар аударылған ба?
– Біз оқуға ғана емес, сту­дент­тердің әлеуметтік жағдай­ы­-на да басымдық беріп отырмыз. Осы қараша айының соңына та­ман Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі­нің қолдауымен 800 орынды жатақхана пайдалануға беріл­-мек. Алайда онымен барлық студентті жатақханамен толық қамтимыз деп айта алмаймыз. Сонда да қолдан келген бар мүм­кіндікті сарқа пайдалануға ты­рысып жатырмыз. Жалпы жа­тақ­хана мәселесі Елорда да өте өзекті саналады. Сонымен бірге, студенттерге арналған әлеуметтік дүкен, дәріхана, емхана жұмыс істейді. Астанандағы ЖОО ара­сында біздің университеттің ас­ханасындағы тағамның ба­ға­сы ең төмен десем, артық айтқан-­дық болмас. Біздің түлектердің көбі – алыс ауылдан арман қуып келген жастар. Сондықтан бүгінгі экономикалық жағдайды ескере отырып, биылғы оқу ақысын был­тырғы бағамен қалдырдық. Бұл да оларға жасалған үлкен қамқорлық деп санаймын.
Елбасы тапсырмасына сәй­кес, Астана қаласы Әкімдігінің қолдауымен жуырда Есілдің сол жа­ғалауынан университетке 120 пәтерлі үш қызметтік жа­тақхана салынып, пайдалануға берілді. Біз мұны халықаралық «Болашақ» бағдарламасымен және академиялық ұтқырлық­-пен шетелде оқып келген жас ғалымдарға, ғылыми жобалары бар магистранттар мен док­то­рант­тарға бердік. Бұл аяқталған құрылыс нысандары – соңғы 
30 жылда университет игілігіне салынған бірден-бір ғимарат­тар. Осы айтылған жағымды жаңа­лықтар ынтымағы жарасқан ұжым­ға тың серпін, соны ізденіс береді деп ойлаймын.
– Ауыл шаруашылығы ми­нистрі болдыңыз. Білікті ға­лым­сыз. Осы ретте ауылдың эконо­микасы мен әлеуметтік саласын дамытуға қатысты пікіріңізді біл­сек...
– Халқымыз «Ауыл – алтын бесік» деп бекер айтпаған. Мен де ауылда дүниеге келдім. Сон­дықтан ел өмірі маған етене таныс. Бүгінде халқымыздың 
45 пайызы ауылда тұрады. Олар­дың экономикалық-әлеуметтік жағдайын жақсарту барлығы­мыздың да парызымыз. Елбасы­ның «Қазақстан – 2050» страте­гиялық бағдарламасында ауыл­ды дамыту туралы жақсы ойлар айтылған. «Агробизнес – 2020» бағдарламасы қабылданды. Қа­зіргі күнде ауылда мал басы кө­бейіп келеді. Ол – қуанарлық жайт. Біз – аграрлы мемлекет­-піз. Қазақстан келешекте көрші ел­дер мен Еуропа мемлекеттерін азық-түлікпен қамтамасыз етуді қолға алмақ. Бүгінде Қытай, Ресей мемлекеттері біздің ауыл­шаруашылық тауарларына қы­зығушылық танытып отыр. Осын­дай сұраныс барда неге біздің ауыл шаруашылығымыз баяу дамиды? Оған не кедергі? Мемлекет бұл салаға аз кө­мек­те­сіп отырған жоқ. Оның себебі, біздің жеріміздің 90% тәуекелдік егіншілік аймағында (зона рис­ко­ванного земледелия) орна­лас­қан. Осыған орай, біз, жаңа тех­нологияны енгізіп, қуаңшы­лық­қа, ауа-райының құбылмалы жағ­дайына төзімді жаңа сорттар шығаруымыз керек. Яғни, ауыл­ды дамыту үшін замануи техно­логиялар мен білікті мамандар қажет. Бір сөзбен айтсақ, өнді­ріске аграрлық ғылымның же­тістіктерін енгізгенде ғана, ауыл шаруашылығының тиімділігі ар­тады деп ойлаймын. Мысалы, Австралияның астықты аймақ­тарында жауын-шашынның мөл­шері бізге қарағанда аз, бірақ бидай өнімі – екі есе жоғары. Неге? Өйткені, оларда қуаң­шы­лыққа бейімделген сорттар шы­ғаруда. Тағы бір мысал. Канада­-да бір сиыр жылына орта есеппен 10 мың литр сүт берсе, бізде әрі кеткенде 2900 литрден аспайды. Бұл да ғылымның дамуына бай­ланысты. Менің ойымша, ауыл шаруашылығын дамыту үшін ең керегі – инвестиция.Бизнеске ақша салу үшін сол саланың тиімділігіне көз жеткізу керек. Мысалы, сол Канада мемлекеті ауылшаруашылық саласына жыл сайын 12 млрд АҚШ долларының инвестициясын құяды екен, ал бізде былтыр 600 миллион дол­лардан сәл ғана асты, яғни кө­лемі – 20 есе төмен. Бұл – өте аз.
Біздің де басты мақсатымыз – ауыл шаруашылығы саласының іргетасы саналатын аграрлық ғы­лымды дамыту. Өкінішке қарай, қазір аграрлық ғылым деңгейі – өте төмен. Сондықтан, оған дұ­рыс көңіл бөлуіміз керек. Осы ол­қылықтың орнын толтыруға халықаралық ғылыми деңгей­-дегі Аграрлық ғылыми-зерттеу университетін құруымыз керек. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенді да­мы­ту жөніндегі жаңа бағдарла­ма­сында С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-дың базасында осындай ғылыми орталық құру мәселесі көтерілген. Келешекте бұл жоба оң шешімін табады деген үміт­теміз. 
– Әңгімеңізге рақмет!