Басты  /  мақалалар  /  Табиғат – ұлттың байлығы

Табиғат – ұлттың байлығы

Айқын-ақпарат
1194
Табиғат – ұлттың байлығы Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бергі мезгіл ішінде еліміз көптеген елеулі табыстарға қол жеткізді. Ол, әрине, туған жеріміздің тыныштығы мен қауіпсіздігінің, көпұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығының арқасында болып отыр.

Қазақстанның табиғаты таң­ға­­жайып: мұнда аспанмен тіл­­дескен мұзарт шыңдарды, тұң­ғиығы тұнжыраған жұмбақ көл­дерді, ақ жал толқындары асау арғымақтардай көкке шап­шыған шалқар теңізді, күні от шашқан шөлейтті, арналы өзен, ну орманды көруге болады. Қа­­зақстан картасы – қазына кар­т­асы қазір. Даласы дархан, топырағы қасиетті, қойнауы қазыналы. Қазынаның барлығы да қазақ жерінің топырағында тұнып жатқанын екінің бірі айт­­пай-ақ біледі. Сондығынан ғой, күмбір-күмбір көне күй мен тол­ғауы тоқсан жырларымызда – «Ұшса құстың қанаты талады, шапқан аттың тұяғы тозады, Аты­­рауы – айшылық, Қаратауы – күн­шілік», деп толғаған ата-ба­баларымыз жазық даласын, тұм­са табиғаты мен байлығын сақтап қалды.
Байтақ ел, күн сәулетті Қа­­зақстан бүгінде дамудың даң­ғыл жолына түсті. Сан түрлі ұлт­тардан құралған халқының ауыз­бірлігімен ғана емес, өлшеусіз табиғат байлығымен аты шықты. Ырғыз даласын мекендейтін жойылып кету қаупі төнген дархан дала еркесі – ақбөкендер әлем назарында.
Егемендік алып, ел еңсесін көтеріп, дала төсінде жаңа өмір шуағы төгілді. Ғылым адам­затқа қанат бітірді, ғаламат іс­терге бастады, ғажайып жа­ңа­лықтар ашты. Тек табиғат қорғау саласының өзінде түрлі резерваттар, ұлттық парктер, қорық шалар  ұйымдыстырылды, өзге де табиғат қорғау ұйым­дарына мүше болып, ха­лықаралық дең­гейде игілікті істер атқарыла бас­­тады. 2007 жылы «Ырғыз –­ Тор­ғай мемлекеттік табиғи резерватының» құрылуы да – тәуелсіздік сыйы. 
2009 – 2012 жылдары БҰҰ ҚР Даму бағдарламасының «Далалық экожүйелерді сақтау және орнықты басқару» жобасы 3 бағытта: Далалық экожүйені биологиялық алуантүрлілікті сақтау мақсатында «Ырғыз – Тор­ғай МТР» аумағын ұлғайту, халықаралық стандарттарға сәйкес Ырғыз – Торғай МТР басқару жоспарын әзір­леу, резерват қызметінің тиім­ділігін арттыру үшін кадр­­лық потенциалын арттыру жұ­мыс­тарын халықаралық эксперт Майкл Эплтон мен Люси Эмер­тон жүргізді. 
Жоба  демеушілігімен  ғы­лыми жұмыстарға көпсалалы дүр­бі, фотоаппарат, бейнекамера, түрлі-түсті принтер, проектор және өзге де қазіргі заманғы қон­­­дырғылар алынып пай­да­ла­нылуда. Сонымен қатар жоба өз қаражатымен резерваттың жаңа ғимаратына заман талабына сай келушілер орталығын (визит-центр) 4,4 млн теңгеге жасақтап берді. 
Жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің, киіктердің есебін алуға, ареалдарын картаға түсіруде Garmin және MAPINFOW бағдарламалары қол­данылады. 
Көпсалалы сымсыз және ком­пьютерлік бағдарламасы бар Vantage Vue «DAVIS» ауа райын бақылау бекеті қондырғысы сатып алынып, резерват ғи­ма­ратына орналастырылды. 
Резерваттың табиғи кешенді қорғау шараларының тиімділігін арттыру мақсатында байланыс құралдарынан стационарлы радиостанса Ырғыз, Нұра, Дүкен, Жайсаңбай және Құйлыс елді мекендеріне, Айырмола кордонына орнатылды. Мобильді автокөліктердің барлығына радиостанса, бейнетіркеуші, GPS навигаторлары орнатылды.
 Халықаралық «Киіктерді қорғау альянсы» ҮЕҰ 2014 жыл­дың наурыз айында «Киіктерді сақтау альянсы» халықаралық үкіметтік емес ұйымының Joy Covey атындағы 2014 жылғы конкурсы жарияланған болатын. Әр  елден  қатысқан  осы  кон­курста, Қазақстаннан, яғни «Ырғыз – Торғай мемлекеттік табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесінің инс­пек­торлық құрамы ерекше қор­­ғалатын табиғи аумақ тер­ри­т­ориясында бетпақдалалық киік­тер популяциясын сақтауда, қайта қалпына келтірудегі және браконьерлік әрекеттермен кү­ресу шараларында белсен­діліктері мен шынайы еңбектері үшін бағаланып, жеңімпаз атанды. 
Табиғи резерват қызмет­керлерінің халықаралық, респуб­ликалық, облыстық деңгейдегі семинар-кеңестерге және кон­­ференцияларға қатысуы да ұда­йы қамтамасыз етіліп ке­леді. 2015 жылы Өзбекстан ас­танасы – Ташкент қаласында өт­кізілген «Ақбөкен жануарын қай­та қалпына келтіру, сақтау, тиімді пайдалану жөнінде» Ме­морандумға қол қоюшы Қа­зақстан, Өзбекстан, Түрік­менстан, Моңғолия, Ресей мем­ле­кеттерінің ІІІ техникалық ке­­­ңесіне мекеме директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары М.Жұбанияз қа­тысқан болатын. 
2016 жылы Қазақстандағы биологиялық алуантүрлілікті сақтау ассоциациясы (АСБК) мен Халықаралық киіктерді сақтау Альянсының біріккен жобасы аясында демеушілік қаржысына барлығы 3 млн 473 мың теңге тұратын құрал-жабдықтар алынған болатын. 
Табиғи резерват Қазақ­стан­ның  биологиялық  алуан түрлілігін сақтау Ассосациясымен (ҚБСА) біріккен жоспары негізінде же­місті жұмыстар жүргізуде. Ырғыз – Торғай мен Алтын Да­ла резерваттарының арасында қаумал режимі сақталатын «эко­­логиялық дәліз» жобасын жүзеге асырды, сол жылы АСБК мамандары Қазақстан бойынша киіктерден сынама алуды жос­парлап, оның ішінде біздің резерват аумағында киіктерді ұстап сынама алып, спутниктік бақылау қарғыларын орнатуды ұйымдастырды. Апта сайын спутниктік қарғы тағылған киік­тер қозғалысы жайлы ақпаратты жолдап отырады.
ҚБСА ұйымдастыруымен «Малайдар көлдер жүйесі» Торғай мемлекеттік табиғи зоологиялық қаумалы территориясындағы экологиялық-туристік және ғылыми-танымдық мәні зор ерекше аймаққа Шалқар ауда­нынан жазғы лагерьге мектеп оқу­шылары келіп, маршрут желісінде өсімдіктер мен жан-жануарлар дүниесімен, табиғи және тарихи ескерткіштермен танысу дәстүрге айналған.
Резерват қызметкерлері 2012 жылдан бері «ОХОТЗООПРОМ ӨБ РМҚК», Қазақстан био­алуан­­түрлілікті сақтау ассо­циациясымен бірігіп жыл сайын киіктердің көктемгі әуе санағына қатысады.


2014 жылдан бастап, Қазақ­стандағы жетекші жоғарғы оқу орындарының бірі әл-Фа­ра­би атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Биология жә­не биотехнология» факультеті «Биоалуантүрлілік және био­ре­сур­стар» кафедрасы және оның жанындағы «Экологиялық мә­се­­лелер» РМК ғылыми-зерт­теу институтымен ғылыми ба­­ғыттағы жұмыстарды бірге ат­қа­руға, резерват мұражайын толықтыруға, ғылыми мақалалар жариялауға үшжақты тиімді келісімшарт жасалып, берлесе жұмыс атқарудамыз.
Ал Қ.Жұбанов атындағы Ақ­төбе мемлекеттік өңірлік уни­верситеті «Биология» кафе­д­расымен 2012 жылдан бері бі­ріккен шаралар атқарып келеміз, дегенмен 2014 жылы екі арадағы келісімшарт жаңартылды, ре­зерват территориясы мен оның жерлеріндегі зерттеу танымдық жұмыстарын жүргізу, студенттер практикасын резерватта өткізу жолға қойылды. Университет студенттері жазғы практикасын «Ырғыз – Торғай МТР» РММ-сі базасында өткізді, далалық іс­сапарлар ұйымдастырылды.
Қаратау мемлекеттік табиғи қорығының ғылыми қызметкері, биология ғылымының кандидаты Г.Б. Сакауова мен «Ырғыз –­ Тор­ғай мемлекеттік табиғи ре­зер­ваты» РММ-сі ЕҚТА-ның өсім­діктер түрлерін анықтау, гер­барий қорын жинақтау мақсатында 2015 жылғы ке­лі­сімшартқа отырды. Екі рет далалық зерттеу жұмыстары жүргізіліп, өсімдіктердің 25 тұқымдас 82 түрі анықталып, гербарий қоры молайтылды. «Басқару жоспарында» өсім­діктер түрі 404-ке толығып, нақ­ты ақпараттар берілді.
 Сонымен қатар «Қазақ ба­лық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС Батыс Қа­зақстан филиалымен ғылыми бағытта байланыс орнатып ке­ле­міз. Резерват және қаумал территориясында Сабындыкөл, Соркөл, Малайдар, Тайпақкөл, Асаубайкөл, Үлкен және Кіші Жалаңаш көлдеріне далалық зерттеу жұмыстары жүргізіліп, бұл көлдердің ихтиофаунасы 8 түрді екендігін анықтадық. Олар: шортан, алабұға, сазан, мөңке, аққайран, торта, табан.
Ырғыз – Торғай өзендер жү­йе­сіндегі көлдердегі өндірістік маңызы бар балықтарға зерт­теу жұмыстары бойынша био­логиялық сипаттама берілді. ЕҚ­­ТА-ғы өзен-көлдерге био­­ло­гиялық негіздемесі жа­са­лынып, жалпы балық аулау мөлшері есептелінді.
 2016 жылдың 9-14 мамыр аралығында резерват аумағында ҚБСА жоба кординаторы Ш.Цутер, ҚР Білім және ғылым министрлігі «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» РМК-нің меңгерушісі М.­Орын­баев, Ұлыбритания Ко­ро­льдік ветеринария кол­ле­джі профессоры Р.Кок бас­таған ғалымдар киіктердің төлдеуі кезінде сынама алу үшін зерт­теу жұмыстарын жүргізді. Ре­зер­ват қызметкерлері ҚБСА-мен бірлесе отырып, лақтарды сыр­ғалау, салмағын өлшеу, жы­ныстық құрамын анықтау жұ­мыс­тарына қатысты. Барлығы 64 лақ (аталық-31, аналық-33) сырғаланды. Лақтардың орташа салмақтары аналық (3,18кг), аталық (4,12кг) болды. Бір сөзбен айтқанда «Ырғыз – Торғай табиғи резерватында» туған жердің табиғатын сақтау жолында игі істер атқарылып жатыр.
Мұның барлығы – тәуелсіздік жемісі деп білеміз. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз еңселі болғай. 

Мереке ЖҰБАНИЯЗ,
«Ырғыз – Торғай МТР» РММ-нің ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары.

Баян ӘБДІНӘБИҚЫЗЫ, аға ғылыми қызметкер