Басты  /  мақалалар  /  БІРЛІК БАР ЖЕРДЕ – ТІРЛІК БАР

БІРЛІК БАР ЖЕРДЕ – ТІРЛІК БАР

Айқын-ақпарат
902
БІРЛІК БАР ЖЕРДЕ – ТІРЛІК БАР Шіркін, әдемі қартайғанға не жетсін?! Ақсақал жасына жеткен адамның сөзі мен ісі үйлесім тапса, одан артық асыл қазына жоқ.

Мұндай қария, ең алдымен, өз отбасына өнеге, өсер ұрпағына ұстаз. Қазақта «отызға бейнет, алпысқа зейнет бер» дейді. Демек, отыз бен алпыстың аралығыңдағы ғұмырың «адам болу» атты ұғымның аясында өрілуі керек. 
Мәселе, сен сол алпысқа қалай жетесің? Ашығын айтқанда, ұлдарың мен қыздарыңа жол көрсетіп, немерелеріңе ақыл айтатындай әдемі қартая аласың ба? Бұл да айналып келгенде әлгі отыз бен алпыстың аралығындағы өмірден көрген-түйгеніңе байланысты.  
Бүгінде сексеннің сеңгіріне шыққан Әбдіғаппар ата Әмірбеков осындай әдемі қартайған ақсақалдардың қатарында. Көкірек көзі ояу, отбасына да, ортасына да сыйлы Әбдіғаппар атамен аз-кем әңгімелесіп, оның ұлт пен ұрпақ, ел мен әлем жайлы ой-пікірін біліп қайтқан болатынбыз.    

– Әбдіғаппар ата, әуелгі әң­­гі­мемізді өзіңіздің өмір жо­лыңыз­дан бастасақ...
– Сонау 1936 жылдың 16 қаң­­тарында өмірге келген екен­мін. Оңтүстік Қазақ­стан облысының Ордабасы ау­да­нын білетін шығарсың. Мі­не, осы ауданға қарасты Қа­рас­пан деген ауылда туғанмын. Бұл аудан бір кездері – Арыс деп ата­латын. Еңбек жолымды да өзім­нің кіндігімді кескен жер­де бастадым. 
Ол кезде қазіргідей емес, тех­­никалық білім алғысы кел­ген­дер Ташкентке тартатын. 7 сы­ныпты бітіре сала, Ташкент қа­ласындағы Индустриялық тех­никумға оқуға түстім. Таң­дағаным – теміржол саласы еді. Техникумды тәмамдаған­нан кейін Арыс станциясын­дағы мұз зауытына машинистің кө­мекшісі болып орналастым. 
Өзімді-өзім мақтағаным бол­масын, бәлкім қаныма біт­кен қасиет шығар, әрбір іске ас­қан жауапкершілікпен қа­рай­тынмын. Бұл өз кезегінде бас­шылық тарапынан әділ ба­ға­ланды. Кейін машинист қыз­ме­тіне ауысып, уақыт өте келе аға машинист болып еңбек ет­тім. 
– Қателеспесек, ол жыл­дары «еңбекшілер депутаты» де­­ген ұғым болған екен. Атауы­­ның өзі көп нәрсені аң­ғар­­тып тұрғандай...
– Дұрыс айтасың. Ол кез­де­гі халық қалаулылары ха­лық­­пен біте қайнасып жата­тын. Де­путаттарға ең жауапты жұ­мыстар жүктелетін. Аға ма­­ши­нист қызметін адал атқа­рып жүр­ген 1959 жылы Арыс қа­ла­лық кеңесінің еңбекшілер де­путаты болып сайландым. Ең­­бекшілер депутаты деген­нен-ақ, аңғарып отырған бо­лар­сың, бұл дегеніміз – еңбек­ші қауым­­мен біте қайнасып жа­та­тын халық қалаулылары де­ген сөз. Арысқа қарасты ауыл-ай­мақтарды аралап, тұр­ғын­дар­дың тыныс-тіршілігін біліп, әр­дайым қауырт жұмыс үстінде жү­ретінбіз. Өз басым осы уа­қыт­ты аса бағалаймын. 
Себебі, елмен араласа жү­ріп үлкен өмірлік тәжірибе жи­­­надым, мемлекеттік қыз­мет­­тің машақаты қаншалықты мол әрі ауыр болатынын түсін­дім. Содан 1965 жылы Арыс қа­л­асы еңбекшілер депу­тат­та­рының 1-ші сессиясында Арыс қала­лық атқару комитетінің жауап­ты хатшысы (секретары) болып сайландым. Шыны керек, әуел бас­та мұншалықты жауап­ты қыз­метті алып кете ала­рыма кү­мәнданған едім. 
Ол жылдары, өзің білесің, тәр­­тіп қатал, барлық жерде қа­­таң бақылау және сол тәр­тіп­ке сай еңбек ету қажет еді. Бірақ адал еңбектің арқасында бар­лығына да қол жеткізуге бола­ты­нына көзім жеткен. Бұл қыз­метті де абыроймен атқар­дым. Қызметте отырған жыл­да­ры Арыс қаласының әлеу­мет­тік-экономикалық тұр­мы­сын жақ­сартуға бір кісідей ат­са­лыс­тық. Атқару комитеті­нің жауап­ты хатшысы болу деген, ең алдымен, кәсібилікті, қы­рағылықты,тиянақтылықты қажет ететін қызмет еді.
Міне, осы қызметті еліміз тәуел­сіздік алған 90-шы жыл­дар­ға абыроймен атқардым. Аз­ды-көпті еліміздің тәуел­сіз­дігін нығайтуға да үлес қостық. Еге­мендік алған жылдары көп­теген салаларға білікті ма­ман­дар қажет еді. Осыған орай 1992-96 жылдардың ара­лы­ғында Арыс аудандық жұмыс­пен қамту орталығын басқа­рып, жүздеген адамның, оның ішін­де оқуын жаңадан тәмам­да­ған жастардың қызметке ор­наласуына, еңбек етуіне үлес қостық. Иә, бұл да бір та­рих. 
– Адам өміріндегі еңбектің алатын орны қандай осы? Сіз­дің өмір жолыңызға қарасақ, адал еңбекпен биік шыңдарға көтерілуге боларына анық көз жеткізіп отырмыз. 
– Иә, дұрыс айтасың, қар­ғам. Адал еңбек еткен жанның несібесін ешкім тартып ал­май­ды. Адам бұл өмірге екі қолын бос қойып, төсекте шалқайып жатуы үшін келмейтіні анық қой. Тамырың бүлкілдеп, жүре­гің дүрсілдеп тұрғаннан кейін қатарыңнан қалыспай еңбек етуге тиіссің.
 Адам алдымен өз отба­сы­ның қамын жасауы керек. Отбасыңның қамын жасаға­ның ұрпағыңның болашағын ойлағаның деген сөз. Ал ұрпақ – елдің ертеңі. Еңбектеген ер­ді елі де лайықты бағалайды. 
Арыс қаласының өркендеп да­муына 40 жылға тарта ғұ­мы­рым­ды арнаппын. Осы уақыт ара­лығында «адал еңбек еткен адам – тыныш ұйықтайды» де­ген принциппен өмір сүрдім. Депутат ретінде 33 жыл қызмет атқарыппын. Ауданның әлеу­меттік-экономикалық өміріне бел­сене атсалысқан азамат ре­тінде бұдан біраз уақыт бұ­рын «Арыс қаласының Құр­мет­ті азаматы» медалімен ма­ра­патталдым. 

 


Құдайға мың да бір шү­кір, еліміз дұрыс жолда және дұрыс бағытта. Елбасымыздың са­лиқалы, салмақты саяса­ты­ның арқасында біз аздаған уақыттың ішінде әлемге та­ныл­дық. Бүгінгі адамзат, жер жүзі – Нұрсұлтан Назарбаев­тың атын жатқа біледі. Демек, Қа­зақ­с­танды да таниды деген сөз. 

 



– Сөзіңізден байқағаны­мыз, сіз үшін ұрпақ тәрбиесі­нің рөлі зор екен. Ал апамыз екеуіңіздің шаңырақ­та­рыңыз­дан түлеп ұшқан ұл-қыз­дарыңыз туралы білгіміз ке­леді. 
– Мына апаң екеуміз ша­ңы­рақ көтергелі 60 жыл болды. Бұ­йырса, «Гаухар той» мен 80 жыл­дық мерейтойды қосып атап өтпекпіз. Жұбайым Қыз­дар­күл екеуміз 12 баланы тәр­биелеп өсірдік. Құдайға шүкір, ұлды ұяға, қызды қияға қон­дыр­дық. Осы балалардан 53 немере, 17 шөбере сүйіп отыр­ған жайымыз бар. Ұл-қыз­да­рымның барлығын қанатынан қақпай, қатарынан қалдырмай өсірдік. Бұл да маңызды. «Адам ұрпағымен мың жасайды» дейді. 
Бірақ «мың жасау» үшін де, ұрпағыңа өнегелі, үлгілі тәр­бие беру керек. Ал тәрбие­нің кілті – үлкенге, ата-анаға де­ген құрметте жатыр. 
– Сіз еліміз егемендік ал­ған сол бір аумалы-төкпелі за­манның куәсісіз. Одан кейін­гі алмағайып жылдар да көз алдыңыздан өтті. Талай қиын­дықты еңсеріп, бүгінде ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық ме­рейтойына да келіп  жет­тік. Осы орайда қазіргі Қа­зақ­стан­­ның дамуына, бет алы­сы­на қандай баға бересіз? 
– Құдайға мың да бір шү­кір, еліміз дұрыс жолда және дұрыс бағытта. Елбасымыздың са­лиқалы, салмақты саяса­ты­ның арқасында біз аздаған уақыттың ішінде әлемге та­ныл­дық. Бүгінгі адамзат, жер жүзі – Нұрсұлтан Назарбаев­тың атын жатқа біледі. Демек, Қа­зақ­с­танды да таниды деген сөз. 
Ал осыдан 20 – 25 жыл бұ­рын енді-енді егемендік алып, аяғынан тұрып жатқан Қа­зақстанды кім танушы еді? Әлем бізді ең жақсы жағы­мыз­дан таныды. Еліміздегі ты­ныш­тық пен тұрақтылық Елба­сымыздың арқасы. Қазақта «отбасы – шағын мемлекет» деген сөз бар. Отбасында бе­ре­ке болмаса, оған ырыс-дәу­лет тұрақтамайтыны, басына бақыт қонбайтыны айдан анық. Мемлекет те сондай. Өз іші­мізде астаң-кестең болып жат­сақ, ашығын айтқанда, тәуел­сіздікті де сақтап қала ал­мас еді.
Бүгінгі биігімізге біз осы бей­бітшілік пен бірліктің ар­қасында жеттік. Бірлік болған жерде кез-келген қиындықты еңсеруге болады. 
Елбасымыздың ел а­л­дын­дағы ең үлкен еңбегі осы. Қа­зіргі Қазақстан әлемдік сая­сатта салмағы бар мемлекет. Бұл да Президенттің арқасы. Бү­гінгі күні біз өзара қырғи-қабақ болып қалған мемле­кет­терге ара түсіп, бітімгерлік қыз­метті де ойдағыдай атқа­рып отырмыз.  
– Ата, сіз қазақ газетте­рі­нің бірде-бірін қалдырмай оқи екенсіз. Ғаламторда еркін шар­лап, әлеуметтік желілерді де игеріп алыпты деп жатыр. Осы рас па? 
– Рас. «Баспасөз – халық­тың көзі, тілі, құлағы» ғой. Га­зеттің орны әрқашан да бөлек болады. «Алматы ақшамы», «Ай­қын», «Қазақ үні» газет­те­рін апта сайын бір ақтарып шығамын. Көпшілігіне жа­зыл­ғанмын. Үйге келіп тұрады. Өзімді белсенді оқырман са­най­мын. Ара-тұра жазған-сыз­ғанымызды газеттерге беріп тұратынымыз бар. 
Мына заман ағымына қа­рай қалта телефонды да тас­та­мас болдық. Балалар интер­нет­ке қосып бергелі, міне 1-2 жыл бол­ды, бар жаңалықты осы те­лефон арқылы біліп оты­ра­мын. Фейсбуктегі бел­сен­ді­лерді де үзбей оқимын. Уат­сап арқылы жан-жақтан туған-туыс, ағайын-туманың сурет­те­рін лезде алып қуанып қала­мын. 
Шынын айту керек, кейде қоғамымыздағы ахуалға алаң­даулымын. Әсіресе, жастардың тәр­­биесіне, қоғамдағы мәде­ниет­тің жай-күйіне. Кейде оғаш жайттарды оқып қын­жы­латыным бар: ау, халайық, ата-баба мирас еткен әдет, иба, қа­зақ­тың мәрттігі, намыс­шыл­дық деген қасиетті құнды­лық­тарымыз бар емес па?! Ешкім ұмытқан жоқ қой. Ұмытпайды да! Мүмкін жастарға соларды үйрету, өнеге ғып бойларына дарытуда қателік кеткен болса, соны қолға алуға әлі де кеш емес қой деп. Әрине, ең ал­ды­мен құр ақыл емес, өз жүріс-тұрысымен, істеген істерімен өнеге көрсетер ата-ана көбей­се екен деймін... 
– Осы жаста намазды қаза ет­пей жүргеніңізге қарап, таң қа­лып отырғанымды жасыр­май­мын.
– Шүкір деп айтайын. Ал­ла­­ның жазғаны шығар, бес парызымды толық өтедім. Апаң екеуіміз үлкен қажы­лық­ты да атқарып келгенбіз. Іштей дұға еткен тілегімнің бірі – ел-жұрт­тың амандығы, Қазақ Елі­нің баянды болашағы бол­ды. Жоғарыда айттым ғой, жас­тар «Үлкенге - құрмет, кі­ші­ге –ізет» деген қағидамен жүр­се, жүректеріне иман ұя­лат­са ешқашан адаспайды. 
Өйткені жастар елдің ер­теңі. 
– Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан Думан БЫҚАЙ