Негізгі бет  /  мақалалар  /  ШЫҰ – экономикалық дамудың және қауіпсіздіктің кепілі

ШЫҰ – экономикалық дамудың және қауіпсіздіктің кепілі

Сейсен ӘМIРБЕКҰЛЫ
1285
ШЫҰ – экономикалық дамудың және қауіпсіздіктің кепілі Қарашаның 3 күні Қыр­ғызстан астанасы Бішкекте Шанхай ын­­тымақтастық ұйымына мү­ше-мемлекеттердің Үкімет бас­шылары кеңесінің отырысы өтті.

Бұған еліміздің Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев қатысқаны белгілі. Кездесу ба­рысында ұйымның көпжақты ын­тымақтастығы және одан ары дамуының бірқатар өзекті мәселесі талқыланды. Бақытжан Сағынтаев көп­жақ­ты сауда-экономикалық ын­тымақтастық, азық-түлік қа­уіпсіздігін қамтамасыз ету мә­се­лелерін және Шанхай ын­­ты­м­ақтастық ұйымының ая­сын кеңейтуді де тілге тиек етті. Бір белгілі болған жайт, 2017­ жылдың 8-9 маусымында Астанада ұйымға мүше-мем­ле­кеттер басшыларының саммиті өтпек. Астана саммитінде Үн­дістан мен Пәкістанды ШЫҰ мү­­шелігіне қабылдау рәсімін аяқ­тау жоспарланған. Еске сала ке­тетін болсақ, бүгінде ШЫҰ Ор­талық Азиядағы өңірлік ын­ты­­мақтастықтың барынша та­быс­ты модельдерінің бірі болып та­былады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, «Қа­зақстанның ұсынысымен жүзеге асырылған Еуразия идеясының 3 киті – ЕурАзЭҚ, АӨІСШК және ШЫҰ». Демек, бүгінгі күні  әлемде саяси һәм экономикалық қуатты ұйымға айнала бастаған ШЫҰ-ның  да атасы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев екені бел­гі­лі. Шанхай ынтымақтастық ұйы­мы – аймақтық, халықаралық ұй­ым. Ол 2001 жылы Қытай, Ре­сей, Қазақстан, Тәжікстан, Өз­бекстан және Қырғыз Респуб­­ликасы негізінде құрылды. Де­­генмен ұйым жұмысы 1996-19­97 жылдардан бастау алады. Ол­ кез­дегі шанхайлық «бестік» (Өз­бек­станнан өзге) арасында шекара маңындағы қарулы күштерді қы­с­қарту жөнінде келісім болған еді. Кейіннен келісімге Өзбекстан қосылған соң ұйым­ның мақсаты мен атқарар қыз­метіне өзгерістер енгізіліп, Шанхай ынтымақтастық ұйы­мы деген жаңа ныспыға ие болды. Шанхай ынтымақтастық ұйымының жалпы территориясы 34 млн шаршы шақырым, яғни Еуразия құрлығының – 61 пайы­зы. Сондай-ақ жер бетіндегі адам­­заттың төрттен бір бөлігі (3 мл­рд 40 млн) ШЫҰ-да тұрады. Ұйымның әлеуеті әлемдегі 21 пайыздан астам ішкі жалпы өнімді қамтиды. 

 


 

Қазақстан – ШЫҰ аясында экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтудың дәйекті жақтаушысы. Экономика саласындағы өзара іс-қимыл ұйымның таяу келешектегі басты міндеттерінің біріне айналатынына сенемін.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ


 

 

Сайын БОРБАСОВ, саясат­танушы:
ШЫҰ – бейбіт келісім алаңы
– Қазақстан үшін ШЫҰ-ның рөлі қандай? 

– Шанхай ынтымақтастық ұйымы Қазақстан үшін аса қажет. Мұның өзіндік себептері бар. Біріншіден, ұйымда әскери әлеуеті де, экономикалық қуаты да күшті Қытай және Ресей секілді екі алып мемлекет бар. Біз солармен ұйым аясында жақындаса отырып, шарт­та көрсетілгендей өзіміздің қауіпсіздігімізді қамтамасыз ете­ аламыз. Өйткені Ресей де, Қы­­­тай да – құдайы көршіміз. Көршілік өз алдында, себебі, қоң­сылас қона отырып-ақ бір-бірімен қырғи-қабақ болып, қақ­тығысып отырған мемлекеттер көп. Сон­­дықтан біз тек көрші ғана болып қалмай, аймақтық һәм халықаралық ұйым шеңберінде олармен қарым-қатынасымызды жаңа бір биіккке шығарамыз. Со­лар арқылы қауіпсіздігімізді күшейтеміз, тәуелсіздігімізді ны­ғай­тамыз. Ұйымды біз түрлі қауіп-қатерден сақтанатын, қорғанатын қалқан ретінде пайдалана аламыз. Өйткені ШЫҰ-дағы мемлекеттер еш­уақытта бір-біріне қауіп төн­дірмеуі тиіс. 
– Көп ұзамай Үндістан мен Пәкістан ШЫҰ-ның тұрақты мү­ше­сіне айналмақ. Бірақ бұл екі ел арасында нүкте қойылмаған даулы жер, мекендер бар. Сол секілді Қытай мен Үндістан арасында да осындай жағдай. Бұл ШЫҰ-ның жұмысына кедергі болмай ма?
– Рас, мұндай мәселе бар. Бұл белгілі деңгейде ұйымға мүше-елдер арасында түсініспеушілікке алып келуі мүмкін. Бірақ екінші бір қырынан келетін болсақ, бұл ұйым осындай дүрдараздығы бар елдер арасындағы келісімге келу, түйткілді шешу алаңы болуы тиіс. Бір шеңбердің астында бас қосқан мемлекеттер сөзсіз араздықты жинап қойып, экономикалық, әлеу­меттік, сауда-саттық мә­се­­л­елерін алға шығарары анық. Тағы бір мәселе, ұйымға жаңа ел­дердің енуі Қазақстан үшін тиі­мді. Арақатынасымызға, сауда-саттығымызға жол ашылады. Соның бірі – Пәкістан. Біз ол ел­­­мен тым жақын қарым-қа­ты­­нас орната қойған жоқпыз. Ал­­дағы уақытта Пәкістан ШЫҰ-ның тұрақты мүшесіне айналар болса, достығымыздың көкжиегі ке­ңейеді. 200 миллион халқы бар ел оңай емес. Ядролық шоқ­пары бар, армиясы мығым. Эко­номикалық қарқыны да тәуір. Де­мек Қазақстан ұйым аясында өзге елдермен де жақындасуға мүмкіндігі туады. 
– Әрине, ұйымның әскери-саяси, экономикалық әлеуеті ар­татын болса, бір полярлы әлем көп полярлы әлемге айналмақ. Бі­рақ бұған Батыс елдері көне ме? Жалпы, ШЫҰ алдағы уақытта тек экономикалық пайданы ойлаған ұйым емес, Батыс елдеріне қарсы тұ­ратын әскери блокқа айналуы мүмкін ғой.
– Ресей ұйымдағы Қытай секілді алпауыт елді пайдаланып, ШЫҰ-ны әскери блок ретінде пайдалануға тырысты. Өйткені бүгінгі күні Ресей шекарасына төніп тұрған НАТО күштеріне қар­сы тұратын бірден-бір әскери одақ  деп осы ШЫҰ-ны көрсетуге ұмтылған. Алайда Қытай жағы ынтымақтастықтың әскери мақ­сатта емес, экономикалық мақ­сатта дамығанын жөн көрді. Әрі соған әлі де күш салуда. Орталық Азия­ республикалары үшін де ұйымның әскерилігінен гө­рі, сауда-саттықты арттыруға арналғандығы тиімді. Өйткені Ресейдей ядролық мемлекеттің сойылын соғамыз деп Батыстың алпауыт елдерімен текетірес к­елу – бұл елдер үшін қиын. Оның үстіне осы елдерге ағылып келіп жатқан инвестицияның 85 пайызы Батыстан келетіні анық. Сондықтан ШЫҰ бұрынғы Вар­шава шарты ұйымы секілді әс­ке­ри одаққа айналмауы керек. Бұл бізге тиімсіз. Керісінше, сау­да-саттықты, экономиканы, мә­дениетті дамытатын алаң бол­ғаны жөн. 
– Олай болса ұйым аясындағы бірлескен әскери оқу-жаттығу жиын­дары қандай мақсатқа ар­на­лып отыр?
– Әскери оқу-жаттығу жиын­дары өткізіліп жатқаны рас. Со­лай бола тұрса да, ШЫҰ тек эко­номикалық мүддені көздейді. Бірлескен әскери қимылдар әр­ аймақтағы экономикалық мүд­де­лерімізді қорғауға арналған. Одан қорқатын түк жоқ. Бұл бір, екіншіден, ұйымға мүше-елдерді түрлі қауіп-қатерлерден қорғаудың амалы. Тіпті кепілі десек те болады. 
– Соңғы кезде «Шанхай ын­тымақтастық ұйымы мен Еу­ра­зия­лық экономикалық одақтың ара­­сындағы байланысты арттыру ке­рек» деген мәселе көтеріліп жа­тыр.
– Бұл өте оңды қадам болмақ. Ұйымға мүше-мемлекеттердің әрқайсысында ұлттық стра­те­­гиялық даму бағдарламасы бар. Келешекте оларды ұйым шеңберінде өзара үйлестірсе, бұл дамуға жаңа серпін бермек. Мәселен, елімізде «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық бағ­дар­ламасы жүзеге асырылып жатыр. Қы­тай­да «Бір белдеу, бір жол» бағ­дар­ламасы бар дегендей. Қазір еліміз транзиттік-тасымалдағы әлеуетін арттыруға айрықша көңіл бөліп отыр. Елбасымыздың өткен Ташкент саммитінде Еуразиялық транзиттік-тасымал хабын құру туралы бастама көтеруі де тегін емес. Жалпы, алдағы уақытта ШЫҰ әлемдік экономиканы алға сүйрейтін алып күшке айналады ғой деп ойлаймын. Сондай-ақ әлемдік геосаясатқа да өзіндік ықпал етері анық. 


 

 

Ұйымның негізгі мақсаты
Мүше-мемлекеттер арасында өзара сенім, достық, тату көр­ші­лік қарым-қатынастарды нығайту;
Саяси, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, білім беру, қуат көзі, көлік, экологиялық және өзге де салаларда тиімді әріптестік шараларын дамыту;
Ортақ күш жұмсап аймақтық бейбіт өмірді, қауіпсіздікті және тұрақтылықты қамтамасыз ету­,­ демократиялық, әділ және ұтым­­ды саяси, экономикалық ха­лық­аралық тәртіп орнатуға жағ­дай жасау.
Сонымен қатар Шанхай ын­ты­­мақтастығы ұйымы мынадай да мәселелерде ауызбіршілік та­нытуы көрсетілген: БҰҰ-ның мақсаттары мен принциптерін ұстану; тәуелсіздікті, егемендікті, аумақтық тұтастықты сақтау, бір-бірінің ішкі істеріне ара­лас­пау, өзара күш қолданбау жә­не қол­­­данамын деп қоқан-лоқы көрсетпеу; барлық мү­ше­лердің тең құқықтығы; бар­лық мәселелерді өзара ке­ңесу арқылы шешу; басқа мемлекеттерге немесе ұйымдарға қарсы бағытталған одақтарға бірікпеу; басқа мемлекеттермен және аймақтық ұйымдармен әртүрлі диалогқа, пікір ал­ма­суға жүгіну, әріптестікке ашықтық жә­не даярлық. ШЫҰ қарулы күштерді қысқартуға, қауіпсіздікке әріптестік жолымен қол жеткізуге, діңгегі одақтастық емес, әріптестік болып та­бы­латын жаңа сипаттағы мем­лекетаралық қатынастарға, ай­­мақтық әріптестіктің жаңа үлгісіне негізделген қауіпсіздіктің жаңа түжырымдамасын толық қолдайды. Міне, мұның бәрі ұйым­ның қандай мақсатпен құрылғаны, оның негізгі при­цип­те­рі, сондай-ақ алдағы уақытта қанд­ай шеңберде жұмыс істейтінін көрсетеді. 


 

 

Ұйым мүшелері
ШЫҰ-ға кіретін мемлекеттер

•      Үндістан
•      Қазақстан
•     Қырғызстан
•      Қытай
•     Пәкістан
•      Ресей
•      Тәжікстан
•      Өзбекстан
Бақылаушы мем­ле­кет­тер­
•      Ауғанстан
•      Белоруссия
•      Иран
•      Моңғолия
ШЫҰ бақылаушы ретінде қатысуға өтініш берген мемлекеттер:
•      Бангладеш
•      Сирия
•      Египет
Диалог бойынша әріп­тес­тер
•      Әзірбайжан
•      Армения
•      Камбоджа
•      Непал
•      Түркия
•      Шри-Ланка

Сейсен ӘМIРБЕКҰЛЫ