Негізгі бет  /  мақалалар  /  Қолтаңбасыз банкноттар қабылданады

Қолтаңбасыз банкноттар қабылданады

Нұрсұлу МЫРЗАХМЕТОВА
1039
Қолтаңбасыз банкноттар қабылданады Қазіргі уақытта айналымда Ұлттық банк төрағасының қолтаңбасы қойылған және қолтаңбасы жоқ, бірақ қалған бөлігі бірдей номиналы 1000 теңгелік банкноттар жүр.

 ҚР Ұлттық банктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл банкноттар заңды төлем құралы болып есептеледі және төлемнің барлық түрі бойынша қабылдануы міндетті!

ҚР Ұлттық банкі Ұлттық валюта – теңге банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасына сәйкес, 2016 жылдан бастап «теңге» банкноттарында Ұлттық банк төрағасының қолтаңбасы қойылуы туралы талаптың алып тасталғанын еске салады.

Егер сұрақтар туындаған жағдайда Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасына және Қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізу басқармасына хабарласуға болады.