Негізгі бет  /  мақалалар  /  Жаманқұлов өз кінәсін толықтай мойындады

Жаманқұлов өз кінәсін толықтай мойындады

Айқын-ақпарат
1079
Жаманқұлов өз кінәсін толықтай мойындады Қазақстандық белгілі актер әрі продюсер Тұңғышбай Жаманқұлов "Феникс" фильміне бөлінген қаражатты жымқырғанын мойындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының өкілдеріне сілтеме жасап.

"Бұған дейін ұсталған Тұңғышбай Жаманқұлов өз қорғаушысының көзінше "Феникс" фильмінің өндірісіне бөлінген бюджет қаражатын жымқырғанын толықтай мойындады, өз ісіне өкінді және шығынды өтеп беруге уәде етті. Жаманқұлов қаражаттың қолма-қол ақшаға айналдырылған дерегін растады және бюджет қаражатының жеке мақсаттарға жұмсалғанын айтты", - делінген баспасөз хабарламасында.
Жаманқұлов өзіне қатысты бұлтартпау шарасын кепілақымен босатуға ауыстыруға және ҚР Қылмыстық кодексінің 65-бабына сәйкес, қылмыстық жауапкершіліктен босатуды сұрап, өтініш білдірді. 
Қылмыстық жауапкершіліктен босату туралы өтініш Т. Жаманқұловтың, Н.Юдинаның және Г.Ысқақованың шығынды толықтай өтегенінен кейін қарастырылады.
"3 қарашада Тұңғышбай Жаманқұлов шығынды ішінара өтеді және танымалдығы, жасы және кепіл мүлік қалдыруына байланысты, "кепілақымен босату" бұлтартпау шарасы таңдалды", - деді ведомство

 

 kaz.tengrinews.kz