Негізгі бет  /  мақалалар  /  Әлем назарындағы ел

Әлем назарындағы ел

Жолдасбек Дуанабай
1011
Әлем назарындағы ел Дүниежүзіндегі ең дамыған әрі сән-салтанаты бөлек ел ретінде Жаңа Зеландия аталды.

 Британдық «Legatum Institute» ұйымы жыл сайын ұйымдастыратын «Legatum» рейтингі бойынша осындай қорытынды жасады. Ал, жеті жыл бойына бірінші орынды бермеген Норвегия екінші орынға сырғыды. Бұл ел білім беру, қауіпсіздік, экология секілді барлық критерилер бойынша Жаңа Зеландияға жол берді. 
Үшінші орында - Финляндия. Бұл ел үкімет қызметінің тиімділігі, демократия мен заңдардың тиімді орындалуы жағынан танылған. 
Төртінші орындағы Швейцария әсіресе білім беру жағынан танылған. Бір қызығы ертеңгі күнге енжарлықпен қарайтындар Канада, Австралия, Нидерланды, Швеция және Данияда тұрады екен. 
Бұрындары 15 орында келе жатқан Ұлыбритания жаңа көрсеткіштерімен  алғашқы ондыққа енді. 
Ресей  95 орында тұр. Мамандар орыс елінің көркеюін жоғары бағалап отырған жоқ. Әсіресе жекелеген адамдардың бостандығына шектеу қойылған деп есептейдін 
«Legatum Institute» рейтинг жасау барысында өркендеу белгілері бар 149 елдің 104 мүмкіндігін ескерген. Оның ішінде адам басына шаққандағы ұлттық өнімнің айналымы, жұмыссыздық, экономикалық көрсеткіштер, қалта телефонының саны, балалар өлімінің саны, азаматтардың сенімі, сайлау барысындағы әділдік және басқа да сауалдар бар.