Негізгі бет  /  мақалалар  /  «Ресей ұлты» жобасы жүзеге аса ма?

«Ресей ұлты» жобасы жүзеге аса ма?

Айнұр Қазыкенова
1113
«Ресей  ұлты» жобасы жүзеге аса ма? -Ресей президенті Владимир Путин «Ресей ұлты туралы» заң қабылдау идеясын мақұлдап, Ресей ұлтының бірлігі жылын өткізуді құптады.

 

Путин бұл мәлімдемесін қазанның 31-і күні Астраханьда өткен Ұлтаралық қарым-қатынас жөніндегі кеңес отырысы барысында жария етті. «Ресей ұлты туралы»  заң қабылдау ұсынысын сөз еткен Путин «бұл жүзеге асырылуы анық қажет нәрсе» дегенді  айтты. Президенттің сөзінше, мұндай заң қабылдау үшін Ресейдің 2025 жылға дейінгі мемлекеттік ұлттық саясаты стратегиясын қайта қарастыру қажет.

-Бұл өте қызық, қажетті дүние болар еді. Өкінішке қарай, біз өзіміз қандай елде, қаншалықты әдемі, керемет елде тұрып жатқанымызды түсінбей жүрміз. Өз көршісімен қатар тұрып жатқан адамдардың осы елді мекен ететін өзге этностар мен халықтар туралы білгені қызық болар еді. Ресей ұлты деген нәрсе – ресейлік көпұлтты халықтың діңгегі және біздің байлығымыз екені сөзсіз»,  -дейді  Ресей  президенті.

Айта кетсек, Ресей басылымдарында «Ресей орыстың елі ме, кімнің елі?» «Орыс әлемі», «Елдегі үлесі 80 пайыздан асатын мемлекетқұраушы орыс халқына неге мемлекетқұраушы деген мәртебе берілмейді?» деген тақырыптар жиі көтеріледі.

Путиннің «Ресей ұлты туралы» заң қабылдау идеясын мақұлдаған соң,   кейбір  тұлғалар өз пікірін жария  ете  бастады.  

  • Орыс  ұлтынсыз  Ресей күйреп қалады. Өзге этностар қоңыз теріп кетеді. Сондықтан  қандай  заң болмасын,  орыс ұлты  мемлекетқұрушы,  негізгі ұлт  болып  жазылуы  тиіс,- дейді  олар.

Айнұр Қазыкенова