Негізгі бет  /  мақалалар  /  Стивен Сигал Ресей азаматы атанды

Стивен Сигал Ресей азаматы атанды

Берік БЕЙСЕНҰЛЫ
1224
Стивен Сигал Ресей азаматы атанды Президент Владимир Путин АҚШ тың танымал актері Стивен Сигалға Ресей азаматтығын беру туралы жарлыққа қойды.

Кремльдің ресми сайтында жарияланған құжатта  1952 жылы 10 сәуірде туылған Фредерик Стивен Сигалды Ресей Федерациясының азаматтығына қабылдау туралы айтылған. 
Осыдан біршама уақыт бұрын  Оңтүстік Сахалинде өткен кинофестивальде атақты актердің өзі Ресей азаматтығын алғысы келетіні туралы жұртшылықты хабардар еткені белгілі. 
- Ресей азаматтығын алатын күн алыс емес деп ойлаймын. Мені Ресейдегі халық қатты құрметтейді, сондықтан жылдың бірқатар мезгілінде осында тұрып, өмір сүргім келеді . дейді ол. 
Актер  расында Сахалинде өзінің бизнесін дамытқысы келетінін де айтқан. Осыдан екі жыл бұрын президент Путинмен кездескен Стивен Сигал зор әсерде болғанын хабардар ете келіп, егер жұртшылық қарсы болмаса,  Ресей азаматтығын алу туралы ойы барын да жасырмаған. Оның АҚШ азаматтығынан бас тарту ойы да жоқ. 
Бір қызығы, ол сонымен қатар, Сербияның да азаматтығын алған. Сербияның премьер министрі Александр Вучич өзнің жарлығымен Стивен Сигалға азаматтық алып берген. 
Бірнеше елдің азаматтығын қатар алып жүрген атақты актердің енді қай елге құштары ауып отыр екен?!.