Негізгі бет  /  мақалалар  /  Арыстанбек Тұңғышбайға араша түсті

Арыстанбек Тұңғышбайға араша түсті

Айқын-ақпарат
895
Арыстанбек Тұңғышбайға араша түсті Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Тұңғышбай Жаманқұловты қамаудан босатуға көмектесуге әзір екенін айтты. Бұл жаңалықпен белгілі саясаттанушы Ерлан Сайыров фейсбуктегі жеке парақшасында бөлісті.

«Қымбатты достар! Бір топ жолдастарыммен мәдениет министріне жолығып, халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұловтың босатылуын өтіндік. Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының кабинетінен енді шыққан бетіміз. Ол Тұңғышбай Жаманқұловты босатуға қол ұшын созатынын айтып, бұл мәселені өз жауапкершілігіне алды. Жақын арада мәселе шешіліп қалар деген ойдамын», - деп жазған Ерлан Сайыров фейсбуктегі парақшасында.
Сондай-ақ, Арыстанбек Мұхамедиұлы танымал тұлға Тұңғышбай ағаның басына түскен іске қатысты жеке пікірін де білдіріп өтті.
-Бір апта бұрын ол арнайы келіп, кешірім сұрады. Ісіне өкінетінін айтты. Әрине, бұл мәселе оңай емес. Ұзақ ойландым. Мен оған көмек көрсетуге дайынмын. Кепіл беруге де дайынмын. Соттың ісіне араласуға ешкімнің құқы жоқ, оның кінәсі бар ма, жоқ па - сот анықтайды. Қазіргі уақытта барлық заң нормалары бар, кепілақымен босатады, айыппұл деген бар, осыны да ескереді. Осыған байланысты қолғабыс етуге дайынмын, - деді Мәдениет және спорт министрі kaz.tengrinews.kz сайтына берген сұхбатында.
Baq.kz