Негізгі бет  /  мақалалар  /  Бақытбек Есентаев 9 жылға сотталды

Бақытбек Есентаев 9 жылға сотталды

Айқын-ақпарат
894
Бақытбек Есентаев 9 жылға сотталды Белгілі продюсер Баян Есентаеваның күйеуі Бақытбек Есентаев сотта соңғы сөзін сөйледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сот үкімін шығарды. Сотталушы "Адам өлтіруге оқталу" бабы бойынша 9 жылға бас бостандығынан айырылды, ал қалған екі бап бойынша ол ақталып шықты. Есентаевтың қорғаушысы үкімге шағым түсіретінін мәлімдеді. 
- Біз апелляциялық шағым түсірмекшіміз, үкім негізсіз деп есептейміз. Ол дене жарақатын салды, адам өлтіруге оқталған жоқ, біз осыны дәлелдейміз, - деді Бекболат Жексейітов.
Ал осыған дейін Алматы облыстық прокуратурасында, мемлекеттік айыптаушы Есентаевты ҚР Қылмыстық кодексінің "Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" және "Зорлау" баптары бойынша екі жақтың мәмілеге келуіне байланысты кінәсіз деп тауып, ал "Кіс өлтіруге оқталу" бабы бойынша айыпты деп танылып, 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеуін сұраған еді.
Талдықорғанда Алматы облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында қазақстандық продюсер Баян Мақсатқызының күйеуіне қатысты алқа билерінің қатысуымен өтіп жатқан сот отырысында Баян Мақсатқызы сотта күйеуін балалары үшін кешірген еді. "Лашын" тобы мен такси жүргізушісінен Бақытбек Есентаевтың ісі бойынша сотта жауап алынған. Бұл туралы сотталушының қорғаушы тараптың өкілдері мәлімдеді. Продюсердің қорғаушысы  Марат Асқарбеков Баян Мақсатқызының Бақытбек Есентаевқа қатысты істі тоқтату туралы өтініш білдіргенін мәлімдеді.
tengrinews.kz