Негізгі бет  /  мақалалар  /  САУД АРАБИЯСЫ ҚАЖЫЛЫҚ ҚҰНЫН 5 ЕСЕГЕ ӨСІРДІ

САУД АРАБИЯСЫ ҚАЖЫЛЫҚ ҚҰНЫН 5 ЕСЕГЕ ӨСІРДІ

Айқын-ақпарат
883
САУД АРАБИЯСЫ ҚАЖЫЛЫҚ ҚҰНЫН 5 ЕСЕГЕ  ӨСІРДІ Сауд Арабиясының билігі виза құнын бірден бес есеге шарықтатып отыр. Аяқастынан мәлім болған бұл шешім мұсылман мемлекеттерінің алаңдаушылығын тудыруда. Енді қажылық сапары кейбіреулер үшін тым қымбатқа түскендіктен, орындалмай кетуі де мүмкін.

Енді корольдік аумағына бір реттік кіру құны 533 долларды құрайды. Бұрынғы бағамен салыстырғанда, жүз доллар үстінде өскені байқалады. Ал, алты айлық виза бағасы – 800 доллар көлемінде болса, жылдық виза құны 1 333 долларға өскен.
Бұл бағалар корольдік аумағына келген туристтерге де, жұмыс бабымен жүргендерге де және қажыларға да қатысты болып отыр. Қазіргі бағаммен енді қажылық құны 800 бен 7000 доллар аралығында болмақ.

 

muslim.kz