Негізгі бет  /  мақалалар  /  3 қарашаға арналған жұлдыз-жорамал

3 қарашаға арналған жұлдыз-жорамал

Айқын-ақпарат
913
3 қарашаға арналған жұлдыз-жорамал Жұлдыз жорамалға қарап, адамның болмысын ашуға болады. Кейде тіпті жұлдыз жорамалда айтылған нәрселер дәлме-дәл келіп қалғанда, ерекше таңғалып қалатынымыз бар.

Тоқты

Айналаңызда болып жатқан оқиғаға салқын қандылық танытып, сабыр сақтаңыз. Жаңа іс бастамай тұрып, алға қойған мақсатыңызды саралап алыңыз. Бәріне бірден қол жеткіземін деп барыңыздан айырылып қалудан сақ болыңыз.

 

Торпақ
Бүгін ойланбай әрекет етуден сақ болыңыз. Сіздің сипаттамаңыздағы ең жағымсызы оқиғаны дұрыс бағалай алмауыңыз болып отыр. Тіптен, сізді тура жолдан тайдырушылар пайда болуы мүмкін.Ұсыныс болған жағдайда, аяқ асты шешім қабылдамай біраз уақыт ой елегінен өткізгеніңіз жөн.

 

Егіздер
Бүгін сіз үшін жағымды жаңалықтармен, жаңа кездесулермен қатар іскерлік ұсыныстарға толы болмақ. Алға қойған мақсатыңызға жету үшін өте қолайлы уақыт. Алайда, адамдардың тілін табу оңайға соқпауы ықтимал.

 

Шаян
Бүгін айыңыз оңынан туып, жұлдыздар сізді қолдамақ. Әр түрлі сипаттағы мерекелер мен кештерге, жаңа таныстар табуға қолайлы уақыт. Тіптен, жоспарыңызды мүмкіндігіңіз көп. Қиын сәттердің өзі білінбей шешімін тауып, көңіл күйіңіз жеті қат бұлттың үстінде болмақ.

 

Арыстан
Алға қойған мақсатыңызбен таңдаған жолыңыздан таймай тер төгуге тура келеді. Сіз үшін жеңістің құны ауыр болмақ. Не болса да берілер мүмкіндікті жіберіп алмай,сабырлық танытыңыз.

 

Бикеш
Бүгін сіз үшін қай жағынан алсақ та ауыр болмақ. Қиын сәттерден оңай құтылу үшін барынша сабырлы болып, салқын қандылық танытқаныңыз жөн. Айналаңыздағы адамдармен қарым-қатынасыңыз шиеленісіп, ренжісіп қалуыңыз да ықтмиал. Бірақ кеш сізге керемет сыйымен келмек.

 

Таразы
Еңбегің қатты болса, татқаның тәтті болар. Осы уақытқа деңгейін жасаған еңбектеріңіздің жемісін жейтін уақытыңыз келді. Жаңа ұсыныстарға жақсы көзқараспен қарап ойларыңызды ортаға салудан тайсалмаңыз.

 

Сарышаян
Кез келген жерде өзіңізді сенімді ұстауыңыздың арқасында, айналаңыздағы адамдардың ерекше назарыңа түсесіз. Алайда, жеке өміріңізбен бұл көзқарастарды араластырмағаңыз жөн. Себебі, басқа адамның сізге жағымды сөз айтуы сүйгеніңізге ұнамауы мүмкін.

 

Мерген
Алға қойған мақсатыңызға жетіп, аяқ асты пайда болған қиын мәселелердің шешуін оңай табасыз. Осы күнге дейін оқып-білген, көрген, жеткен дарыныңыз бен біліміңізді жиналған жұрттың алдында көрсетуге қолайлы уақыт. Қайырымдылық жасап, мүмкіндігі шектеулі жандарды ұмытпағаныңыз да абзал.

 

Тауешкі
Бүгінгі күн сіз үшін көтеріңкі көңіл күй мен отбасыңыздың ортасында өтпек. Өзіңіз туралы мәлімет таратудан сақ болыңыз. Бұл сәтті тиімді пайдаланған кей адамдар жалған ақпар таратып, сізді басқа адам қылып көрсетуі мүмкін.

 

Суқұйғыш
Бүгін айналаныздағы адамдармен тіл табысу қиынға соқпақ. Не айтқыңыз келгенің дұрыс жеткіз алмай, жақын адамдарыңызға дөрекі сөз айтуыңызда ықтимал. Бәрі бірден болмады деп бастаған ісіңізден бас тартуыңыз да мүмкін. Алайда, сабырлы болып, ұсақ-түйек қиындықтарды жүрегіңізге жақын алмағаныңыз жөн.

 

Балықтар
Бүгінгі сынаққа толы болмақ. Қандай қиындық болмасын жақын адамдарыныңызды ренжітіп алудан сақ болыңыз. Барынша ақшаңызға абай болғаныңыз жөн. Ашуыңызды ақылға жендіріп, ойланып қадам басқаныңыз дұрыс. Күн соңы жақсы жаңалықтарға толы болмақ.

 

anabol.kz