Негізгі бет  /  мақалалар  /  Партияның бар жобасы орындалады

Партияның бар жобасы орындалады

Айқын-ақпарат
769
Партияның бар жобасы орындалады Бастауыш партия ұйымдарының жұмысы салмақты, табысты болса ғана «Нұр Отан» партиясының мерейі үстем болатынын Ақтөбенің Хромтау ауданындағы халық жақсы біледі. Мұнда 40-тан астам бастауыш партия ұйымы бар.

Олар «Мектепке жол», «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек» секілді бірқатар әлеуметтік жобаларды қолдап, адамдарға қол ұшын беріп келеді. 

 Ұйым ұжым, қоғам ішіндегі кез келген мәселеге жедел шешім қабылдап, дұрыс жол таңдай білген абзал. «Нұр Отан» партиясының Хромтау аудандық филиал төрағасы Жантас Нұрымов пен Саяси кеңес мүшелері, аудандық мәслихат депататтары аймақтағы бастауыш партия ұйымының жұмысымен танысты. Мәселен, Хромтау аудандық ауруханасындағы бастауыш партия ұйымы алғашқылардың бірі болып құрылып, ұзақ жылдан бері жұмыс істеп келеді. Қазіргі уақытта мұнда 125 мүше бар. Олардың әрқайсысы партияның жұмысымен таныс, жобаларды іске асыруда белсенділік танытып келеді. 
- Партияның «Кедергісіз келешек», «Ардагерлерді ардақтайық» жобалары аясында Ұлы Отан соғысының ардагері Василий Грецкоға көмек көрсетілді. Яғни, пәтеріндегі жылу жүйесі толық жағартылды, жөнделді. Ал Михаил Петрунинге мүгедектер арбасы сыйға тарту етілді. Ардагер Ғабдулман Медетқалиев тұратын үйдің подьезіне шағын жөндеу жұмысы жүргізілді,- дейді Хромтау аудандық ауруханасындағы бастауыш партия ұйымының төрағасы Рүстем Исаев. Соғыс ардагердеріне Жеңіс күні 30-40 жылдардың 400 әскери әні бар жиынтық пен музыкалық орталықты сыйға берді. «Мектепке жол» акциясы кезінде 15 отбасыға көмек көрсетіліп, 10 отбасындағы оқушыға оқу құралдары сыйға берілді. Сонымен қатар, 5 отбасына 150 мың теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілген. Ауруханадағы бастауыш партия ұйымы тек аудан халқына емес, облыс орталығындағы көмекке мұқтаж жандарға қайырымдылық шарасын өткізіп тұрады. Мәселен, Ақтөбедегі қарттар мен мүгедектердің интернат үйіне теледидар сыйлады. Ұйымның белсенділігін ерекше атап өткен «Нұр Отан» партиясының Хромтау аудандық филиал төрағасы Жантас Нұрымов олардың жетістіктеріне тоқталды. БПҰ өткен жылы аудан бойынша Үздік бастауыш партия ұйымы атанып, екінші кезеңде үшінші орынға қол жеткізген екен. «Бастауыш партия ұйымдарының табысты жұмысы партияның алға басуына ықпал етеді. Әрқайсысымыз алға ұмтылып, еліміз алға қойған стратегиялық мақсатқа қол жеткізу үшін аяндай еңбек етуіміз қажет. Бір-бірімізге көмектесіп, қол ұшын беріп, қамқорлық танытайық. Бастауыш партия ұйымы күн сайын халықпен тығыз жұмыс істейді. Сондықтан біздің күшіміз бірлікте, ынтымақта екенін ұмытпаған жөн. Жергілікті жердегі жұмыс нәтижелі болса, партияның жетістігі еселенеді,- деді Ж.Нұрымов. 
 


Алтынай САҒЫНДЫҚОВА