Негізгі бет  /  мақалалар  /  Колизейдің қабырғасы шытынады

Колизейдің қабырғасы шытынады

Берік БЕЙСЕНҰЛЫ
1395
Колизейдің қабырғасы  шытынады Соңғы екі-үш айда Италияда орын алған жер сілкінісі елдегі мәдени және тарихи орындарға залалын тигізуде.

Қазіргі есептеулерге қарағанда, жер сілкінісінен кейін Италиядағы 5 мыңға жуық ескерткіштер мен мәдени-тарихи орындар және шіркеулерге залал келген. Әсіресе, 2 мың жылдық тарихы бар Колизейге қиын болып тұр. Тамыз айынан бері болған екі жер сілкінісі кезінде Колизейдің бірқатар қабырғалары шытынаған. 
Өткен аптаның жексенбіс і күні елдің орталық бөлігінде  тағы да 6,6 балдық жер сілкінісі болды. 
Біздің эрамызға дейінгі 80 жылдары салынған Колизей амфитеатры ең қиын жер сілкінісін 1349 жылы бастан кешіп, оның оң жақ қабырғасы құлағаны белгілі. Сондай-ақ 1703 жылғы зілзаладан кейін де оның жартысы қираған. Енді міне соңғы айдағы жер сілкінісі де әлемдегі ең көне мәдени ғимаратқа зақым келтіруде. 
massaget.kz ақпараттық танымдық порталының жазуына қарағанда, Колизей күллі  Италия елінің мақтанышы. Дүниежүзіндегі ең үлкен амфитеатр ретінде саналады. Ежелгі Рим кезеңіндегі атақты мекен сол кездегі сәулет өнерінің бірегей үлгісі. Құрылыс кезінде аркалар мен бағаналар коринфей, ионикалық және дорикалық бағытта салынған.
Колизей театрының алғашқыда «Флавия Амфитеатры» деп аталды. Флавей әулетінің көсемі, император Веспасиан бұйрығымен Колизей театрының құрылысы басталға. Өкінішке қарай, император Веспасиан театр құрылысының аяқталып, ашылу салтанатын көре алмай кетті. Тарихи деректерге сүйенер болсақ, театр ашылу салтанатын атап өту 100 күнге созылған.
Амфитеатр маңында Колосса алып мүсіні орналасқандықтан, кейін театр атауы Колизей деп өзгертілді.
Колизейде бір сәтте 50 мыңға жуық адам сыятын. Ғимарат төрт қабатты болатын. Алдыңғы үш қабаты кең аркалы, ал  төртінші қабаты тік бұрышты. Әр қабат биіктігі 10-13 метрге жететін, ал ғимараттың жалпы биіктігі 44 метрді құрайтын. Амфитеатр аренасының өлшемі 45х79 метр, іші құмға толы болатын. Арена жан-жағы тұрғындардың қауіпсіздігі үшін тормен қапталған.
Ғимарат іргетасы мәрмәр кесектерден қаланды. Ішкі қабырғалардың құрылысына травертин тастары пайдаланылды. Ал өрнектер үшін кірпіш пен  тау жыныстарынан қашалды.
Құрылысқа 100 мың текшеметр мәрмәр пайдаланылды. Оны құрылыс алаңына екі жүзден астам өгіз-арба жеткізіп тұрды.
Қазіргі таңда Колизей Рим қаласының көне көрікті мекендерінің бірі. Жыл сайын көне амфитеатрды өз көзімен көру мақсатында жердің түкпір түкпірінен туристтер ағылады. Италия басшылығы Колизейге тарихи ескерткіш ретінде құрметпен қарайды. Мұнда қоғамдық іс-шараларды, мерекелік дәстүрлі қойылымдарды ұйымдастыруға рұқсат берілмейді. Бірақ екі рет жер сілкінісінен кейін қабырғасы ғана қалған тарихи жәдігерге әйтсе де туристік қызығушылық өте  басым.