Негізгі бет  /  мақалалар  /  Асад 2021 жылға дейін биліктен кетпейді

Асад 2021 жылға дейін биліктен кетпейді

Берік БЕЙСЕНҰЛЫ
1118
Асад  2021 жылға дейін биліктен кетпейді Сирия президенті елде соғыс болып жатқанына қарамастан билік басында қала береді.

Ол New York Times басмылымына берген сұхбатында 2021 жылға дейін президенттік креслода қала беретінін айтты. Нақты айтар болсақ, оның үшінші президенттік мерзімі 2021 жылы ғана бітеді.
Башар Асадтың ойынша, «елде соғыс аяқталмай жатып, билік тізгінін басқа біреудің қолына беруге болмайды. Өйткені ол -  елдің заңды сайланған президенті. Америкалық басылымға берген сұхбатында Башар Асад «елде қазіргі жағдай өте жақсы. Халықтың көңіл күйі көтерілді. Бейбіт күннің артық екенін жұрт  сезіне бастады».
Жалпы Сирия президенті референдум арқылы халықтың 97,3 пайыз дауысын алып, билік басына 2000 жылы келгені білгілі. Жеті жылдық президенттік мерзімі біткен соң тағы да 97,62 пайыз дауыс алып қайтадан сайланған. Ал 2014 жылы 88,7 пайызбен тағы да  халықтың сеніміне ие болды. Алайда 2011 жылы елдегі әртүрлі топтардың арасында болған соғыстың салдарынан әлі елде тыныштық орнай қорған жоқ. 
Қазір Ресейдің және үкіметтік әскердің қолдауымен  Сирия өз территориясын әртүрлі топтық жаулардан азат ете бастады. Демек ел аумағын тазартпай, толық жеңіске жетпей, Асадтың биліктен кетпейтіні белгілі болды.